Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Отырар ауданында «Қазіргі сайлау жүйесіндегі аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының рөлі» және «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар туралы» оқу-семинары өткен болатын. Аталған семинарға Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Мұрат Базарқұлов пен комиссия мүшесі Қуандық Құлажанов және аудандық аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
- Бүгінгі өткізіліп отырған оқу-семинардың басты мақсаты – жаңадан сайланған округтік, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктіліктерін арттыру және сайлау жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіру. Атап айтқанда, сайлау процесінің негіздері, сайлау комиссияларының өкілеттіктері, аумақтық сайлау комиссиясын кәсібилендіру, жұмысты жоспарлау туралы маңызды тақырыптарға жеке-жеке тоқталып, бағыт-бағдар беру, - дейді М.Базарқұлов.
Осыдан кейін Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қ.Құлажанов аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларға тоқталып, жан-жақты түсінік беріп өтті. Ол түсіндіру шаралары кезінде учаскелік сайлау комиссиясы төрағалары мен мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Сондай-ақ оқыту семинарлары барысында қатысушылардың барлығы сайлау заңнамаларындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстырылды. Ал Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Жұбаев өз кезегінде ауданда биыл 31 наурызда №7 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау және 5 мамырда ауыл әкімінің сайлауын ұйымшылдықпен өткізілгенін атап өтті.
Өздеріңіз жақсы білесіздер. Биыл аудандық мәслихат депутаты мен Шілікті ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай өткізіліп, қорытындысы артынан шығарылды. Біз әрбір сайлаудың алды-артында үнемі аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған семинар-тренинг өткізіп, сайлау науқанында дауыс беретін үй жайды дайындау мен дауыс беру тәртібі және комиссия мүшелерінің сайлау кезіндегі іс-әрекеті, сайлау күні өткізілетін құжаттардың дұрыс толтырылуын жан-жақты түсіндіріп отырамыз. Өткенде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Аққұм, Ақтөбе, Балтакөл, Көксарай және Шілік ауылдық округтеріне қарасты жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында оқу-семинарын өткізген болатынбыз. Онда сайлау комиссия мүшелерінің құқықтық сауаттылығы мен сайлаушыларды сайлау процесіне кеңінен тарту мәселелері қаралды. Сондай-ақ сайлау өткізу барысында заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақыра отырып, қойылған сұрақтарға жауап бердік. Алдын ала өткізілген осы семинар-тренингтердің кешегі өткен сайлауда көп септігі учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне көп көмегі тиді, - дейді Нұрлан Жұбаев.
Оқыту-семинары барысында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындықтары, мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілудегі жұмыстар, учаскелік сайлау комиссяларының сайлау өтетін күнгі негізгі міндеттері туралы айтып берді. Семинар-кеңесті Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы М.Базарқұлов қорытындылады.