Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Елімізде аудан, қала мен ауылдық округ әкімдерін сайлауы жер-жерде өткізілуде. Осындай сайлау өткен аптада Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылдық округінде болып өтті.
Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Реметовтың айтуынша, сайлау жоғары деңгейде ұйымшылықпен өткізілген. «Біз үнемі учаскелік сайлау комиссиясының біліктілігін арттырып отырамыз. Мәселен, сайлау қарсаңында аудан көлемінде аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастырумен онлайн түрде ZOOM платформасы арқылы 19 мамырда Қарасу ауыл округі бойынша өтетін әкім сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссиясының жұмысы туралы оқу-семинары өткізген болатынбыз. Оқу барысында сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін заң талаптарына сәйкес жасақтау туралы біршама ақпараттар беріліп, учаскелік сайлау комиссиялары тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берілді. Соның арқасында мұндағы сайлауда заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Барлығы да талапқа сай өткізіліп, кандидат басым дауысқа ие болып, қызметіне кірісті», дейді ол.
Жалпы оқу-семинарда округтік сайлау комиссияларының заң талаптары деңгейінде жұмыс атқаруына қажетті инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конститутциялық заңның талаптары бойынша кандидаттарды тіркеу қаралды. Оның ішінде партиялық тізімдер бойынша күнтізбелік жоспарлардың орындалуы, қаржылық қамтамасыз етілуі, сайлаушылар тізімдерінің жасақталуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру мүмкіндіктерінің қамтамасыз етілуі мен сайлау өткізу барысындағы маңызды мәселелер көтерілген-ді.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Реметов пен сайлау комиссиясының барлық мүшелері өздерінің жұмыс бағыттарына сай міндеттері бойынша баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берген болатын. ал сайлау күні оқу-семинарында айтылған талаптар учаскелік сайлау жұмысының жеңіл өтуіне септігі тиіпті.
Сонымен Қарасу ауылдық округінде болып өткен округ әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қарасу ауылдық округінің әкімі болып Абдиманат Бурбеков сайланды. Осыған орай, Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Айбек Ақылбекұлы Қарасу ауылдық округі әкімдігінің активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Реметов куәлік табыстады.
Абдиманат Нұрсейітұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы –техник-құрылыс-технолог, инженер-экономист және заңгер. Еңбек жолын 1993 жылы «Агропромстройкомплекс» кооперативінде есепші көмекшісі болып бастап, одан кейін Сайрам аудандық колхоздар кеңесінің колхоздарды ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, «Алма» акционерлік қоғамының инженері, «Алуа» акционерлік қоғамының төрағасы, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман жер инспекторы, Бадам және Қарасу ауылдық округінің әкімі болып еңбек еткен. Бұдан бөлек, Шымкент қалалық ОҚО, Халыққа қызмет көрсету орталығының №2 қалалық филиалында жетекшінің міндетін уақытша атқарушы, Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының директоры, Шымкент қалалық Азаматтарға арналған үкмет Мемлекеттік корпорациясы ОҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша №1 бөлімінің жұмыста уақытша болмаған жұмыскерлерін алмастыру уақытындағы маманы, Түркістан облыстық Халыққа қызмет көрсету бойынша Төлеби аудандық бөлімінің басшысы, Сарыағаш аудандық «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде аудан әкімі кеңесшісі, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызыметтерін аброймен атқарған. Ал 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Ақсукент ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарып келген болатын.
Қарасу ауылына жаңа сайланған Абдиманат Нұрсейітұлы сайлаушылардың өзіне сенім білдіріп, дауыстарын өзіне бергеніне рақметін айта келіп, ел игілігі үшін елге қызмет ететіндігін айтты. Сөйтіп жаңа әкім жаңа қызметіне кірісіп кетті.