Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
5 мамыр күні Түркістан облысында бір күнде бес ауылдық округтің әкімі сайланды. Түркістан облысы аумақтық сайлау комисиясының төрағасы Әлібек Өміралиевтің айтуынша, 5 мамыр күні сайлауға белсене қатысқан бес ауылдық округтің тұрғындары өз таңдауларын жасаған.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлау мәселесін көтерген еді. Сайлау туралы Конституциялық Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда әкімдердің сайлауын тағайындау, оларға қойылатын талаптар, әкімдікке кандидаттар ұсыну, ұсынылған кандидаттарды тіркеу, әкімдер сайлауын өткізу, сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау, сайланған әкімдерді тіркеу тәртіптері нақты айқындалған. Сонымен сайлау заңнамаларына сәйкес ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу, сайлау қорытындысын белгілеу мәселелерімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айналысады. Сөйтіп сайлау заңдарына сәйкес халық өз таңдауын жасап, Бәйдібек ауданында Ағыбет, Бөген ауылдық округтерінің әкімдерін, Төлеби ауданында Қаратөбе ауылдық округі әкімін, Жетісай ауданында Атамекен ауылдық округі әкімін, Отырар ауданында Шілік ауылдық округінің әкімін дауыс беру тәртібімен сайлады, - дейді ол.
Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша, Бәйдібек ауданындағы Ағыбет ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны 1301 адамды құраған. Оның 849-ы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған. Бұл жалпы сайлаушылардың 65,3 пайызын құрайды. Ал, Ағыбет ауылдық округі әкімінің сайлауынна тіркелген үміткерлер екеу. Оның бірі – Ербол Асылбайұлы Айнебеков болса, екіншісі – Ердана Шаймырзаұлы Күздеубаев. Бірінші кандидатқа 63 тұрғын дауыс берген болса, Ердана Күздеубаевқа 744 адам сенім білдірген. Бұл сайлаушылардың 92,2 пайызын құрайды. Сөйтіп Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен, сайлау қорытындысы бойынша айқын басымдықпен Ердана Шаймырзаұлы сайлауда жеңіске жетті. Осылайша дауыс беру нәтижесі бойынша «Amanat» партиясы ұсынған, 1987 жылы туған, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округі әкімінің аппартының бас маманы, салық испекторы Ердана Күздеубаев Ағыбет ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ал, Бөген ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімдегі 2848 сайлаушының 2002-сі қатысып, өз таңдауларын жасаған. Бұл жалпы сайлаушылардың 70,3 пайызын құрайды. Мұнда да сайлауға түсуші екі кандидат. Олар Қанат Тәттібекұлы Қонысбеков пен Ердос Исембекұлы Құрманбеков. Сайлауға қатысып өз таңдауын жасаған 2002 адамның 1779-ы Қанат Тәттібекұлы Қонысбековке дауыс берген. Бұл жалпы сайлаушыладың 91,3 пайызын құрап отыр. Ал, оның бәсекелесі Ердос Исембекұлы Құрманбеков 169 дауысқа ие болды. Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен, сайлау қорытындысында дауыс беру нәтижесі бойынша «Amanat» партиясы ұсынған, 1979 жылы туған, бүгінге дейін Бәйдібек ауданында Бөген ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Қанат Тәттібекұлы Қонысбеков Бөген ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ал, Төлеби ауданына қарасты Қаратөбе ауылдық округінде өткен әкім сайлауында жеңіске жеткен Қаратөбе ауылдық округінің әкімі болып Асабай Бекжігітұлы Балтабаев сайланды. Ол 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы – экономика және менеджменттік басқару. Еңбек жолында 2008-2009 жылдары Қаратөбе почта байланыс бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші, бас маман қызметтерін атқарып келген.
Сонымен қатар, 5 мамырда Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округінің әкімін сайлау өтті. Округтегі 5098 сайлаушының 3212-і сайлауға қатысып, оның 2473-і өз дауысын Нұргали Айнабекұлы Байназаровқа берген. Ал оның қарсыласы Нұрболат Қылышбекұлы Қасымбековке 726 адам сенім білдірген. Жетісай аудандық сайлау комиссиясының шешімімен сайлау қорытындысында дауыс беру нәтижесі бойынша Атамекен ауылдық округі әкімі болып, 1973 жылы туған, Шымкент қаласының тұрғыны, бүгінге дейін Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарған, өзін-өзі ұсынған Нұргали Айнабекұлы Байназаров сайланды.
5 мамыр күні Отырар ауданында өткен сайлауға тоқталар болсақ, Отырар ауданындағы Шілік ауылдық округі әкімінің сайлауында сайлаушылардың басым бөлігі Берік Жақсыбекұлы Орынбасаровқа сенім білдірген. Сөйтіп бүгінгі күнге дейін Отырар ауданының Шілік ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде бас маман болып қызмет атқарып келген Берік Жақсыбекұлы Шілік ауылдық округінің әкімі болып сайланды.