Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
5 мамыр күні Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес Отырар ауданында Шілік ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізіліп, ауыл халқы өз таңдауын жасады.
Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Жұбаевтың айтуынша, Шілік ауылдық округі сайлауы алдын ала сайлау заңмен белгіленген тәртіппен жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
- Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Шілікті ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай өткізіліп, қорытындысы артынан шығарылды. Біз сайлау қарсаңында осы округіне қарасты сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған семинар-тренинг өткізіп, сайлау науқанында дауыс беретін үй жайды дайындау мен дауыс беру тәртібі және комиссия мүшелерінің сайлау кезіндегі іс-әрекеті, сайлау күні өткізілетін құжаттардың дұрыс толтырылуын жан-жақты түсіндірдік. Сайлау өткізу барысында заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақыра отырып, қойылған сұрақтарға жауап бердік. Алдын ала өткізілген осы семинар-тренингтердің кешегі өткен сайлауда көп септігі учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне көп көмегі тиді, - дейді Нұрлан Жұбаев.
Оның айтуынша, Шілік ауылдық округі әкіміне үш кандидат үміткер ретінде тіркелген. Олар Руслан Рахимов – Отырар ауданы әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы, Амантай Туленов - Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі болса, ал Берік Орынбасаров болса, Шілік ауыл округі әкім аппаратының бас маманы қызметін атқарған. Барлығы да өз-өзін ұсынғандар.
- Жоғарыда айтқанымдай 5 мамырда Шілік ауылдық округінің әкімін сайлауы өз деңгейінде ұйымшылдықпен өтті. Сайлаушылар тізіміне 1413 азамат енгізілген болатын. Дауыс беруге 826 сайлаушы қатысты, оның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс берген бір сайлаушы болды. Сайлауға екі үміткер ғана қатысты. Сайлау қарсаңында бір үміткер өз кандидаттығынан бас тартты. Сөйтіп, Шілік ауылдық округінің әкімін сайлауда Орынбасаров Берик Жақсыбекұлы 754 дауысқа, ал Рахимов Руслан Туленбайұлы 65 дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» деген белгісі бар екі бюллетень анықталды. Сайлау қорытындысы бойынша Шілік ауылдық округінің әкімі болып 1974 жылы туған, «Отырар ауданының Шілік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Жаңа Шілік ауылының тұрғыны Берік Орынбасаров Шілік ауылдық округінің әкімі болып сайланды, - дейді Н.Дұбаев.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Жубаев сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелерінің хаттамаларына сәйкес, басым дауыспен жеңіске жеткен Берік Орынбасаровқа ауыл әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыстады. Ол салтанатқа қатысқан ауыл ақсақалдары бұған дейін ауылдың әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп келген азаматтың алдағы жұмыстарына жылы лебізін білдіріп, батасын берді.