Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 26 мамырға қойылды. Бұл сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес 2024 жылғы 26 мамыр күніне өкілеттігі аяқталуына байланысты Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Капаковтың айтуынша, аймақта бұған дейін бірнеше аудандағы ауылдық округте ауыл әкімі сайлауы өткізілген. Ендігі кезекте өткізіліп отырған округтің бірі Казталов ауданындағы Қошанкөл ауылдық округі. «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 3 мамыр күні Қошанкөл ауылдық округі әкімінің лауазымына үш кандидат тіркелді. Ол үш кандидатқа жеке тоқталар болсақ, оның бірі – Шарипов Радж Болакаевич. Ол 1982 жылы туған, Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. Екіншісі – Мурзагалиев Еркебулан Мирболатович. Ол 1993 жылы туған, Казталов ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы. Үшінші кандидат – Сабирова Айымгүл Серікжанқызы. Ол 1993 жылы туған, Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы. Сайлауға кандидат ретінде тіркелген үш үміткер де өз-өзін ұсынғандар. Дегенмен, сайлауға түсетін әкімдерге қойылатын талап жоғары, - дейді ол.
Оның айтуынша, әкім болуға ниетті кандидаттарға қойылатын талап Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңында белгіленген. Яғни, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент әкімі болып сайлануы үшін Қазақстан азаматы, Сайлау туралы конституциялық заң мен Мемлекеттік қызмет туралы заңдардың нормаларына сәйкес талап қойылады. Алдымен үміткердің жасы 25-ке толуы тиіс. Заңда белгіленген тәртіп бойынша соттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қатысы болмауы керек. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкестігін құжаттар негізінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайды. Кандидат ұсынылғаннан кейін оның талаптарға сәйкес келуін анықтау міндеті сайлау комиссиясына жүктеледі.
- Азаматтығын тексеру үшін ішкі істер органдарына, соттылығы мен заңда берілген тәртіппен таңылған сыбайлас жемқорлық деректері болмауын тексеру үшін прокуратура органдарына, лауазымға қойлатын біліктілік бойынша сәйкестігін тексеру үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық департаменттерге сұраулар жіберіледі. Осы органдар деректерді тексеріп, аумақтық сайлау комиссияларына жіберуі керек, - дейді Ғайса Капаков.
Ол кандидаттар өзін-өзі ұсынған жағдайда сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз дауысының қолдауына ие болуы тиіс екендігін де атап өтті. «Кандидаттарды қолдап, қол жинауды сенім білдірген адамдар ұйымдастырады. Ол аудандық сайлау комиссиясы берген қол қою парақшасымен бекітіледі. Одан кейін хаттама рәсімделеді», - дейді ол.
Сонымен жоғарыда аталған Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттар сол талаптардың барлығынан өтіп, сайлауға жіберілген болатын.