Сайлаушылар заңдылығы туралы семинар-кеңестер өткізілді

Oinet.kz 25-05-2024 134

Мәселен, Орал қалалық сайлау комиссиясы учаскелік комиссия мүшелеріне сайлау кезіндегі іс-әрекеттердің алгоритмдерін пысықтау мақсатында семинар өткізілген еді. Семинарда қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Дәулетжанов әріптестерін сайлау барысына ерекше назар аударып, саяси доданы заңға сәйкес ашық әрі заңды түрде өткізуге шақырған болатын. 

Screenshot_48.jpg

Ол өз кезегінде маңызды шараға дайындық барысында қолданыстағы заңнаманы зерделеудің, комиссия мүшелеріне қойылатын барлық талаптарды білудің және әрбір сайлаушыға дауыс беру мүмкіндігін жасаудың қажеттігін атап өтті. Қалалық сайлау комиссиясының мүшелері Нариман Мүстиев, Әсия Жұмина және Аслан Шахаров байқаушыларды, сенім білдірілген адамдарды тіркеу, сайлаушылар тізімдерін нақтылау және басқа да маңызды жайттар бойынша түсініктемелер берді. 

Ал сайлаушылармен болған іскерлік ойын барысында сайлау учаскелерін ашу, бюллетеньдерді санау және көшпелі дауыс беру кезінде жіберілетін қателіктерді болдырмау жағы қарастырылды. Әріптестер бірін-бірі түзетіп, жаңадан келгендермен тәжірибелерімен бөлісіп, шешуі жоғары органдардың құзырына жататын жергілікті мәселелерді ортаға салды. Семинар сайлауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және барлық нюанстарды пысықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ комиссия мүшелері сайлау процесіне қатысушыларды тіркеу үшін қажетті құжаттарды алды. 

Сондай-ақ сайлау комиссия мүшелерін оқыту жұмыстары Жәнібек ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясында да ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Жәнібек ауданына қарасты Тау, Күйгенкөл ауылдық округтеріне қарасты елді мекендердегі №144,145,146,147,148 учаскелік комиссия мүшелерімен өткізілген семинар барысында түрлі ситуациялық жағдайлар талданып, оларды заңнама аясында шешу жолдары талқыланды. Дауыстарды санау, хаттамалардың толтырылуы пысықталып, комиссия мүшелерін тестілеу өткізілді. Тестілеу қорытындысына аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тиісті саралау жүргізіп, біліктілікті арттыру жұмыстарын жетілдіретін болады.

Тағы бір оқыту семинары Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастыруымен Достық және Екінші Шежін ауылдық округтерінде өтті. Екінші Шежін ауылында Қазақстан, Мереке және Шежін ауылдық округтеріне қарасты сайлау комиссия мүшелері оқу семинарына қатысты.

Семинар барысында Тасқала аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Динара Баишева аудандық сайлау жүйесімен таныстырып, сайлау күнгі учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс алгоритміне назар аударды. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сайлау туралы Заңы аясында сайлау комиссиялардың міндеттері, сайлау учаскелердің дайындығы, сайлаушылар тізімдерімен және байқаушылармен жұмыс туралы сұрақтар қаралды. Сонымен қатар әр түрлі ситуациялық кейстер талқыланды. Оқу барысында комиссиялар құрамына енген жаңа мүшелер өте белсенді болып, сайлау саласындағы қызметті қамтитын сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

Алты ауыл әкімінің сайлауы 2 маусымға белгіленіп, кандидаттар тіркелді
Сайлауға түсетін әкімдерге қойылар талап жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу