Алты ауыл әкімінің сайлауы 2 маусымға белгіленіп, кандидаттар тіркелді

Oinet.kz 24-05-2024 138

Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша аймаққа қарасты Ақжайық, Бөрілі, Жәнібек, Тасқала, Орал қаласы Деркөл кенті мен Сырым аудандарында ауыл әкімдерінің сайлауын 2  маусымға өткізу белгіленген. Яғни, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес 2024 жылғы 2 маусым күніне өкілеттігі аяқталуына байланысты бір қала мен бес ауданда ауыл әкімдерінің сайлауы өткізіледі. 

Screenshot_47.jpg

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, алды аудан бойынша сайлауға бір-бір ауылдық округтен қатысады. Олар, Ақжайық ауданындағы Қарауылтөбе ауылдық округі, Бөрлі ауданындағы  Бумакөл ауылдық округі, Жәнібек ауданындағы Қамысты ауылдық округі, Тасқала ауданындағы Достық ауылдық округі, Орал қаласындағы Деркөл кенті мен мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы тағайындалған болатын. 

Аталған аудандардағы ауылдық округтерде дайындық жұмыстары бір ай бұрын басталып, тіркеу жұмыстары 14 мамыр күні аяқталды. Атап айтар болсақ осы алты ауылдық округ әкіміне барлығы 18 кандидат тіркелген. Таратып айтар болсақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5 бабына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 10 мамыр күні Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің лауазымына үш кандидатты тіркеді. Олар: Абиров Жанибек Игалиевич, 1986 жылы туған, Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, оны «Amanat» партиясы ұсынып отыр. Екінші андидат – Айткалиев Касым Жасуланулы, 1990 жылы туған, «Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында тұрғыны. Үшінші үміткер – Ескалиев Рысбек Ерболатович, 1989 жылы туған, Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы. Соңғы екеуі өз-өздерін ұсынғандар. 

Ал Бөрлі ауданы бойынша Бумакөл ауылдық округі әкімінің лауазымына Бикеев Алдияр, Каймулдинов Нарынбек пен Шакирова Жангуль өз-өздерін ұсынған. Бикеев Алдияр Бахчанович, 1998 жылы туған, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторыболып жұмыс істейді. Ал Каймулдинов Нарынбек Утегенович 1988 жылы туған, Бумакөл ауылдық округінің әкімі. Шакирова Жангуль Бериковна болса 1996 жылы туған, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімінің бас инспекторы. 

Сондай-ақ Тасқала ауданының Достық ауылдық округі әкімінің лауазымына да үш үміткер тіркелген. Бірінші кандидат  Ахметов Хафиз Маратович. Ол 1966 жылы туған, Достық ауылдық округінің әкімі, Достық ауылында тұрады, оны «Amanat» партиясы ұсынып отыр. Екінші кандидат – Сапаров Асхат Гайдарович. 1989 жылы туған, Садық Жақсыгұлов атындағы мектептің мұғалімі, Тасқала ауылында тұрады, ол өзін-өзі ұсынған. Үшінші кандидат – Туркаев Алмаз Ертустикович. 1986 жылы туған, «Тасқала ауданының балалар жасөспірімдер спорт мектебі» каммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Тасқала ауылында тұрғыны. 

Жәнібек ауданы бойынша айтатын болсақ, ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 11 мамыры күні Қамысты ауылдық округі әкімінің лауазымына Аюпов Нурлан, Негметов Бекжан мен Утегенова Индираны тіркеді. 

Үш кандидаттың біріншісі Аюпов Нурлан Дуйсенгаевич 1995 жылы туған, Қамысты ауылдық округінің әкімі. Екінші кандидат – Негметов Бекжан Байжанович 1981 жылы туған, жұмыссыз, Қамысты ауылында тұрғыны. Ол да өзін-өзі ұсынушы. Үшінші кандидат – Утегенова Индира Жасулановна 1985 жылы туған, Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар.

Орал қаласының Деркөл кенті әкімі болуға үміткер ретінде бірінші болып Багискалиев Нурлан Амирович тіркелді. Ол 1978 жылы туған, «Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынған.

Екінші болып Жумагалиев Жубан Турарулы тіркеліп отыр. Ол 1992 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Деркөл кенті әкімі, Орал қаласы Деркөл кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған. 

Үшінші болып Нугманов Турихан Мадениетович тіркелді. Ол 1994 жылы туған, «Орал қаласы Зачаган кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынған. 

Соңғысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің лауазымына да үш кандидат тіркеді. Атап айтсақ, бірінші кандидат – Мурзашев Асхат Канатович 1986 жылы туған, Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі. Келесі кандидаттың есімі Құлтемір Райымбек Қайырбекұлы. Ол 1996 жылы туған, Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы. Үшінші кандидат – Рамазанов Айдархан Ерсайынович 1983 жылы туған, Жетікөл мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі. Үш кандидаттың екеуі өзін-өзі ұсынғандар. 

Осы аталған аудандардағы алты округ бойынша сайлау 2 маусым күні өтіп, сайлаушылар өз таңдауын жасап, өз әкімдерін сайлайтын болады. Қазіргі таңда сайлау алды үшіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Деркөл кентінде әкім лауазымына кандидаттар тіркелді
Сайлаушылар заңдылығы туралы семинар-кеңестер өткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу