Деркөл кентінде әкім лауазымына кандидаттар тіркелді

Oinet.kz 24-05-2024 92

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Деркөл кенті әкімі сайлауын 2 маусымда өткізу жоспарлануда. Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5 - бабына сәйкес Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 10 мамыры күні Орал қаласының Деркөл кенті әкімі болуға үш кандидатты тіркеген. 

Screenshot_46.jpg

Орал қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Дәулетжановтың айтуынша, сайлауға кандидаттарды тіркеу заң талаптары аясында жүргізілген.  

- Жалпы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров айтқандай, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайыз дауысының қолдауына ие болуы тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірген адамдар ұйымдастырады және ол үшін кандидат осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін 3 күннен кешіктірілмей тиісінше аудандық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен рәсімделеді. Толтырылған қол қою парақтары тиісінше аудандық сайлау комиссиясына тапсырылады. Ол 3 күн мерзімде ішкі істер қызметкерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың растығын тексереді және тиісті хаттаманы рәсімдейді. Қолдардың растығын тексеру Конституциялық заңға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатқа қажетті анық қолдар анықталғанға дейін жүргізіледі, - дейді ол. 

Оның айтуынша, кандидат тіркелу үшін саяси партиялар ұсынған кезде азаматтың кандидат болуға келісімі, өмірбаяндық деректері, кандидат пен жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органынан анықтамасы, ҚР мемлекеттік қызметіне кіретін азаматты арнайы тексеру үшін қажетті құжаттарды, саяси партияның сайлау жарнасын енгізгендігін куәландыратын құжат, кандидаттың саяси партияға мүшелігін растайтын құжат ұсынуы қажет. 

Ал өзін өзін ұсынған адам кандидат болып дауысқа түсу туралы өтініші, өмірбаяндық деректер, кандидат пен жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органынан анықтамасы, ҚР мемлекеттік қызметіне кіретін азаматты арнайы тексеру үшін қажетті құжаттарды, сайлау жарнасын енгізені туралы құжат ұсынуы тиіс. 

Сонымен қатар сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайыз дауысының қолдауына ие болғандығын растайтын аумақтық сайлау комиссиясының анықтамасын да ұсынуы керек. Ал аудан әкімі кандидатты ұсынған кезде жоғарыда аталған құжаттармен қатар арнаулы ұсынысы қоса берілуі тиіс екенін айтты.

Сонымен жоғарыдағы талаптарды толық орындаған Орал қаласының Деркөл кенті әкімі болуға үміткер ретінде бірінші болып Багискалиев Нурлан Амирович тіркелді. Ол 1978 жылы туған, «Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынған.

Екінші болып Жумагалиев Жубан Турарулы тіркеліп отыр. Ол 1992 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Деркөл кенті әкімі, Орал қаласы Деркөл кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған. 

Үшінші болып Нугманов Турихан Мадениетович тіркелді. Ол 1994 жылы туған, «Орал қаласы Зачаган кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынған. 

Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілігі арттырылды
Алты ауыл әкімінің сайлауы 2 маусымға белгіленіп, кандидаттар тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу