Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Семей облысы Көкпекті ауданы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Сайлау заңнамасының теориялық және қолданбалы білімдерін сайлау процесінде қолдану практикасын кеңейту арқылы сайлауларды ұйымдастырулардың құзыреттіліктерін кәсіби деңгейге арттыру» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинар-тренингке аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты өкілдері, тиісті бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын теориялық және қолданбалы білімдерін кеңейту арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.
Оқыту-семинарын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Оразханов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Сайлау жүйелерінің негізгі аспектілері және сайлау құқығының принциптеріне тоқталып «ҚР Сайлау туралы» заңының 1-тарау 1-9 баптары жеке-жеке тоқталып мысалы ретінде тәжірибиелік жұмыстарға тоқталып түсіндірме жасады. Өз кезегінде жаңадан сайланған комиссия мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанындағы орын алатын жағдайлар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныс тілектерін жеткізді. Мәселен жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушының жазбаша өтініші бойынша оның тұрған жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс. Жазбаша өтініш дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ден кешіктірілмей беріледі. Алайда сайлаушы учаскеге өзі келе алмаған жағдайда өтінішті басқаша қандай жолмен бере алады деген сынды біршама сауалдар жолдады. Тыңдаушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға аудандық сайлау комиссия мүшелері заң талаптарына сай толыққанды жауап қайтарды.
Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясы семинарда «Дауыс беру күні» іскерлік ойынын ұйымдастырды. Іскерлік ойында аудандағы үздік бір учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру күні азанғы сағат 6:00 ден кешкі сағат 20:00 дейін болатын жағдайларды толық бейнелеп комиссия мүшелерінің сайлаушылармен іс-әрекеті, әр-түрлі ситуациялық сәттерін іс жүзінде көрсетті. Жаңадан сайланған комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар туындап, өздеріне ұтымды жауап алды.
Семинар соңында жаңадан сайланған комиссия мүшелеріне сертификаттар тапсырылды.