Ауыл әкімдерін сайлау – ел тарихындағы маңызды қадам

Oinet.kz 22-05-2024 153

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлау мәселесін көтерген болатын. 

Screenshot_43.jpg

Осыған орай Республиканың Ұлттық экономика министрлігі орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, мемлекетіміздің кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынған. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақмола облысы Целиноград ауданының Қызылсуат ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтті. 

Сайлау қорытындысында Целиноград аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Қызылсуат ауылдық округі әкімі болып Оразбай Құбашұлы Сәлменов тағайындалған. Аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков Қызылсуат ауылдық округінің активіне сайланған жаңа әкімді таныстырып, оның алдағы жұмысына табыс тілеген болатын. Ал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Маулиев Қызылсуат ауылдық округі әкіміне куәлік табыс етті.

Аталған ауылдық округке жаңа сайланған Оразбай Құбашұлы Сәлменов 1963 жылы дүниеге келген. Степногорск  қаласының тумасы. Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Өз кезегінде аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков Қызылсуат ауылдық округінің жаңа әкімі Оразбай Құбашұлына ұлттық және мемлекеттік жобалардың іске асырылуын бақылауда ұстауды, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, орта және шағын бизнесті қолдауды, аумақтарды абаттандырумен, жолдарды салумен және жөндеумен айналысуды тапсырды.

61 жастағы жаңа сайланған әкім Оразбай Құбашұлына өзінің сайлау алды бағдарламасында, ауылды ауыз сумен жабдықтау жүйесінің  құрылысын жүргізу; көшелерді жөндеу, тағы басқа да мәселелерді алдына мақсат етіп қойды. Сондай-ақ шаруа қожалықтарының жерлеріне ағын су мәселесін шешуге; кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға; ауылдың көрнекті тұлғаларының мәдени-рухани мұрасын насихаттауға атсалысамын деген еді.

«Президентіміздің барлық реформалары халықтың әл-ауқатын арттыруға, ана мен баланың жайлы өміріне, зейнеткерлер мен қоғамның әлсіз топтарын қолдауға бағытталған. Жалпы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенті болған күннен бастап – қоғам дамуына жаңаша леп әкеліп, аса көлемді қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға белсене кіріскені баршаға аян. Ендігі кезекте сол стрататегиялық реформалардың іске асырылу жергілікті жерлерде де жалғасын табуда. Қасиетті Қызылсуат жұртшылығы қашан да елі мен ұлты үшін Ту көтерген көшбасшылардың сындарлы саясатына қолдау көрсету қасиеттерінен таймаған ел! Бұл жолы да солай боларына мен нық сенімдімін!

Дана халқымызда «Ынтымақ ырыстың темірқазығы» болмаса,  «Бірлігі мол ел бұзылмас» деген қадірі биік, қасиеті аса зор сөздер бар. Сол ынтызар ынтымақ пен мызғымас бірлікті ту етіп халқымның маған берген сенімін әрдайым ақтауға барымды саламын» дейді Оразбай Құбашұлы.

Сайлау қашан да – елге сын, ұлтқа жауапкершілік жүктейтін, азаматтық позицияға тың серпін беретін ертеңнің ісі, болашақтың бағдары. Өйткені, сайлау елді біріктіретін, ойды тоғыстыратын сын мен сынақтан әбден ысылған саяси құрал. Ал, бұл сайлаудың негізгі идеясы еліміздің баға жетпес қазынасы бірлік пен ынтымақтың, татулық пен келісімнің маңына топтасу идеясы.

Сайлау заңнамасының негіздері түсіндірілді
Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу