Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Сайлау жүйесі – бұл саяси билікті занды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ереже. Мемлекет жаңаруын Президент сайлануымен алып қарар болсақ, призидент сайлау арқылы өз мандатымен таққа отырады, сайлауға мемлекеттегі азаматтар ат салысады. Бұл барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру. Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу.
Мәселен, өткен жылы өткен Президент пен Парламент Мәслихатының жергілікті мәслихаттардың сайлауы елімізге соны өзгеріс алып келді. Бүгінгі таңда елімізде ауылдық округтер мен аудан, қала әкімдерінің сайлаулары өткізілуде. Өткен айда Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау өткізілді.
№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2685 азамат енгізілген болатын. Дауыс беруге - 1404 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 37 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны үшеу болды. Сайлау қорытындысында белгілі болғаны, үміткерлер төмендегідей дауысқа ие болды. Атап айтсақ, №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Құрманғазы аудандық мәслихат депутатын сайлауының үміткерлері, яғни, Е.Аманжанұлы үшін сайлаушылардың 804 дауысы берілген. Ал Ж.Амирагалиев сайлаушылардың 349, Н.Бисенова сайлаушылардың 221 дауысына ие болған. «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 19. Сайлау қорытындысымен №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Құрманғазы аудандық мәслихаттың депутаты болып Ерлан Аманжанұлы сайланды. Ол 1988 жылы туған, «Құрманғазы Су Арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылының тұрғыны.
Бұл сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды екенін көрсетті. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады.
Сайлауға қатысу – азаматтық парыз және әрбір қазақстандық үшін үлкен жауапкершілік. Сайлаудың және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.
Азаматтар сайлауға қатысып, өз таңдуларын жасау арқылы еліміздің саяси жаңғыруына, жаңа демократиялық модельге көшуіне қолдау білдіретіні анық.