Көзі ашық азамат сайлаудан тыс қалмайды

Oinet.kz 21-05-2024 157

Еліміздің басты құндылығы адам және оның өмірі, азаматтардың өзін қауіпсіз сезінуі десек, сайлаудың маңыздылығы тіпті арта түседі. Өйткені сайлау таңдау жасаудан бұрын, азаматтық құқықтық қатынасты жүзеге асыратын мүмкіндік. 

Screenshot_40.jpg

Саясатқа араласу, партия құрып, көшеге шығу деген сөз емес. Дауыс беру арқылы да саясатқа араласуға болады. Міндетті түрде саяси сауатты болудың қажеті жоқ. Өзінің тұрмысын, өмір сүру сапасын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, отбасының болашағын ойлаған адам міндетті түрде сайлауға қатысып, дауыс береді және саясатты түсінеді.

Мәселен, жуырда Семей облысы Көкпекті ауданының сайлау процесіне қатысушыларды каскадты оқыту жоспарына сәйкес, Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  Е.Оразханов «Қазақстан Республикасында сайлау науқандарын ұйымдастыру негіздері: өткізу ерекшеліктері мен кезеңдері» тақырыбында учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен онлайн режимінде семинар-кеңес өткізген болатын. Оқыту семинары барысында сайлауды әзірлеу мен өткізу, сайлауды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету, сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының заңдылығын сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы маңызды мәселелер талқыланды.

«Өкінішке қарай, азаматтар мен сайлаушылар арасында еліміздегі сайлау жүйесіне деген сенімсіздіктің қалыптасқаны рас. Осы жағдайды есепке ала отырып, жауапкершілікті сезініп, біз сайлауды таза, адал, әділ өткізуге тырысуымыз керек. Ел азаматтарының сенімін туғызғымыз келсе, алғашқы қадамды бастау керек. Өйткені қазіргі сенімсіздік келешекте Тәуелсіздігімізге, мемлекеттілігімізге үлкен зиян әкелуі мүмкін. Екінші мәселе, ең бірінші мұндай мәселені жастар айтуы керек. Адамдар өз құқығын қорғауға бет бұрған сайын мемлекет дами береді, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсарады. 

Сайлауға ешкімді қинап апара алмайсың, ол – әр адамның таңдауы. Бірақ көзі ашық кез келген азамат сайлаудан тыс қалмайды деп ойлаймын.  Қазір Президентіміздің тапсырмасымен қала, аудан әкімдері мен ауылдық округ әкімдерінің сайлаулары өткізілуде. Мұндай сайлау біздің ауданда да өткізілді. Халық сайлауда өз таңдауларын жасады. Менің бір байқағаным халық «Менің даусым ештеңе шешпейді», «Мен дауыс бергім келген адам тізімде жоқ» деген сенімсіз ойдың жетегінде кететін кезден өтті. Немқұрайлылыққа салынбай, сайлауға қатысып, дауыс бергендер көп болды. Өткен сайлаудан мен соны байқадым» деді комиссия төрағасы. 

- Естеріңізде болса, Дүниежүзілік сайлау күніне орай Ж.Шайжүнүсов атындағы орта мектебінде 10-11-ші сынып оқушылары мен Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қатысуымен «Мен болашақ сайлаушымын» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесу өткізудің басты мақсаты демократиялық мақсаттың қайтымсыздығын қоғам санасына сіңіру, жас сайлаушыларды демократиялық мақсат қоя білуге, оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға, Қазақстанның сайлау жүйесінің дамуы таныстырылып, қоғамның саяси өміріне қатысу қажеттілігі туралы алғашқы түсінік берілді. Сонымен қатар, сайлау туралы ақпараттық-танымдық слайд және қысқа метражды бейне ролик көрсетілді. Сұрақтар қойылып, белсенді жауап берген оқушыларға сыйлықтар табысталды. Мұны айтып отырғаным, жоғарыда айтқанымдай ардагерлеріміз бар, учаскелік комиссия мүшелері бар, сайлаудың жайын, оның барысын қазірден жастарға да айтып, үгіттеп отыруымыз керек. олар біздің болашағымыз, - дейді Е.Оразханов.

Семинардың қорытындысында, алдағы уақытта сайлауға дайындық және өткізу барысында туындайтын сұрақтар заң талаптарына сай қаралып, жауаптар берілуі келісілді.

Сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілігі арттырылды
Сайлау – саяси жүйені жаңарту процесінің бастауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу