Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
2 маусым күні Павлодар облысының Аққулы және Павлодар аудандарындағы төрт ауылдық округте округ әкімінің сайлауы өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Людмила Кабанцованың айтуынша, бұл жолы сайлауға Аққулы ауданының Аққулы, Малыбай мен Ямышев ауылдық округтері мен Павлодар ауданының Ефремов ауылдық округі қатысты.
Кеше қос ауданда өткен сайлаудың қорытындылары белгілі болды.
Аққулы ауданының Аққулы ауылдық округі бойынша айтар болсақ, мұндағы сайлаушылар тізіміне енгізілген 1947 азаматтың 1230-ы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған. Сайлауға жалпы екі кандидат қатысты. 21 адам үйде дауыс берген. Ал жалпы санақ барысында Дастан Серикұлы Бейсенбаев сайлаушылардың 912 дауысын, Айжан Жанбырбайқызы Омарова сайлаушылардың 231 дауысына ие болған. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 43 болды. Бұл өзге сайлау учаскелеріне қарағанда көптеу. Сайлау қорытындысы бойынша Аққулы ауылдық округі әкімі болып Дастан Серикұлы Бейсенбаев сайланды. Ол 1978 жылы туған. Бұған дейін Қызылағаш ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген.
Ал Аққулы ауданында өткен екінші сайлау Малыбай ауылдық округінде болды. Сайлаушылар тізіміндегі 775 азаматттың сайлауға 493-і қатысып, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды. олардың 6-ы дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде дауыс берді. Бір орынға үш үміткер таласты. Дауыс санау барысында Айгүл Амангелдіқызы Ажикенова сайлаушылардың 56, Динара Табылдықызы Калиакпарова 56, ал Диас Атымтайұлы Құрманалиев 330 сеніміне ие болды. Мұнда да «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 44-ті құрады.
Сайлау қорытындысы бойынша Малыбай ауылдық округі әкімі болып 1981 жылы туған Диас Атымтайұлы Құрманалиев сайланды. Ол бұған дейін Ямышев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет істеген.
Ал Ямышев ауылдық округі әкімін сайлау да өз мәресіне жетті. Ондағы сайлаушылар тізіміне 1066 азамат енгізілсе, дауыс беруге 891 сайлаушы қатысты. Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 23 сайлаушы дауыс берген. Сайлауға түскен үш кандидат сайлау қорытындысымен төмендегідей дауысқа ие болды. Атап айтсақ, Әсел Ақылбекқызы Манабаева сайлаушылардың 95, Бахытжамал Кабиденқызы Рахметова 667, ал Назиры Қуатқызы Темірбулат 105 дауысқа ие болды. Мұнда «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 11 болды.
Сайлау қорытындысы бойынша Ямышев ауылдық округі әкімі болып Бахытжамал Кабиденқызы Рахметова сайланды. Ол 1964 жылы туған. Ол бұған дейін де осы ауылдық округті басқарған. Кешегі сайлауда өз орнын қайта сақтап қалды.
Павлодар аудандарындағы Ефремовка ауылдық округі әкімінің сайлауы да ұйымшылдықпен өтті. Сайлаушылар тізіміне 784 азамат енгізілсе, дауыс беруге 331 сайлаушы қатысты. Оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 18 сайлаушы өз таңдауын жасаған. Сайлауға екі кандидат қатысып, С.Гапу сайлаушылардың 166, ал Р.Джагипаров сайлаушылардың 146 дауысына ие болды. Дауыс айырмашылығы 20 дауысты құрады. Ал «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 5-еу.
Сайлау қорытындысы бойынша Ефремовка ауылдық округі әкімі болып Сапаржан Гапу сайланды. 1985 жылы туған ол бұған дейін Ефремовка атындағы орта мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.
- Екі ауданның төрт ауылдық округінде өткен сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Сайлаушылар да, бақылаушылар да заң талаптарын сақтап, жоғары мәдениеттілік танытты. Ендігі кезекте алдымызда тағы бір сай айтулы сайлау науханы тұр. Ол сайлау 16 маусымға белгіленген. Сайлау Павлодар облысының Ақсу қаласының, Ертіс және Успен аудандарында ұйымдастырылады. Қазіргі таңда кандидаттар тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда сайлау Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округнде, Ертіс ауданының Ағашорын және Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округтерінде өтеді. Бір атап өтерлігі қазіргі таңда сайлау жүйесі, оның талаптарында өзгерістер бар. Бір жағы учаскелік сайлау құрамы үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Сол үшін де олардың сауаттылығы мен біліктілігін арттырып отыру маңызды. Олардың біліктілігін арттыру үшін түрлі семинарлар мен кездесулер ұйымдастырып отырамыз. Онда учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне көп ақпарат беріледі. Мәселен, жуырда аумақтық сайлау комиссиясы Ақсу ауданындағы сайлау өткен ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинарын өткізді. Сөйтіп онда сайлауға қойылып отырған талаптар жан-жақты түсіндірілді. Соның нәтижесін кеше өз көзімізбен көрдік. Ендігі кезекте өзге сайлау учаскелерінде де осындай оқыту-семинарларын өткізу жоспарда бар. Ол еңбастысы учаскелік сайлау комиссияларының біліктілігін арттыра түседі, - дейді Людмила Кабанцова.
Сондай-ақ ол 16 маусымға белгіленген сайлау талаптарын да түсіндіре кеткенді жөн көрді. Сөйтіп сайлауда учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің қызметінің негізгі мәселелеріне, комиссия мүшелерінің мәртебесі, сайлаушылар тізімімен жұмыс, дауыс беруге арналған бөлмені дайындау және тағы басқа мәселелерге тоқталды. Ол дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидаларын да түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 20-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 39-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және сайлау процесіне қатысушылардың өзін-өзі ұстау тәртібін белгілейді. Осы Қағидалар дауыс беруге арналған үй-жайдағы барлық адамдар үшін белгіленеді. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы (бұдан әрі - төраға) дауыс беруге арналған үй-жайда бір мезгілде болған сайлау процесіне қатысушылардың санын (сайлаушылар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, бір уақытта сайлау учаскесінде болған бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) өкілдерінің санын реттейді; тәртіпке жауапты болады және осы Конституциялық заңның ережелерін бұзып, дауыс беруді өткізуге кедергі келтірген кез келген адамның ол жерден кетуін талап етуге хақылы.
Дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысушылардың барлығы сайлау комиссиясының санитарлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптары мен нұсқауларын сақтайды. Ал сайлау комиссиясы дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскені ашуға кіріседі. Дауыс беру Конституциялық заңның 41 және 42-баптарында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Сайлау бюллетеньдерін беру кезінде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжат сайлау комиссиясының мүшесіне ұсынылады. Сайлаушы тізімге енгізілмеген, дұрыс енгізілмеген немесе тізімнен шығарылған, сондай-ақ тізімде жаңсақтық жіберілгені анықталған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына тиісті жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Учаскелік сайлау комиссиясы бұл өтінішті дереу қарайды.
Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн дереу бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиiстi сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды.
Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi.
Сайлау учаскесінде сайлаушының өтініші бойынша азаматтың тіркеу орнын тексеру жөніндегі сервис ұйымдастырылады. Тексеруді сайлау комиссиясының уәкілетті мүшесі дереу жүзеге асырады. Дауыс беру күні сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және дауыс беруге арналған үй-жайда дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін бір мезгілде қатысуға құқылы:
1) партиялық тізімдерді ұсынған әрбір саяси партиядан сенім білдірілген адамның куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты болған кезде сенім білдірілген бір-бір адамнан;
2) Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан (бұдан әрі - ұлттық байқаушылар), егер:
- байқаушының тегі, аты, әкесінің аты, сайлау учаскесінің нөмірі, қандай сайлауды байқауға уәкілетті екені көрсетілген, байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылған, қол қойылған жазбаша жолдама;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар;
- байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылған, қызметінің мақсаты азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға және қорғауға байланысты жарғы (ереже) немесе жарғыдан үзінді көшірме;
- байқаушының жазбаша жолдауына қол қойған адамның өкілеттігін растайтын құжат (жарғы, ереже) немесе одан үзінді, жіберуші ұйымның басшысын тағайындау туралы бұйрық немесе өкімнен көшірме, ұйымның құжаттарына қол қою үшін сенімхат);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат.
Байқаушыны сайлау учаскесіне жіберу үшін заңды тұлғаның қолданыстағы мәртебесі болуы тиіс, яғни оның қызметінің тоқтата тұрылмауы, оған қатысты тарату рәсімдерінің басталмауы тиіс.
Осы және басқа да сайлау талаптары мен қағйдаларын тәптіштеп түсіндірген Людмила Кабанцова алдағы 16 маусымға белгіленген ауылдық округ сайлауында сайлау учаскесі комиссиясы осы талаптарды 2 маусым күні өткен сайлау учаскелік комиссиясы мүшелері басшылыққа алғандай ұйымшылдықпен өткізетініне сенім білдірді.