Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан және Адал азамат атты Жолдауында «Атом электрстанциясын салу немесе салмау мәлселесі – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын» деп алда тағы бір сайлау науханы ұйымдастырылатынын ескерткен болатын.
Дегенмен Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Бірақ бұл мәселе бүгінде қоғам талқысында. Жуырда Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтан ТАСС басылымының журналисі Қазақстанда атом электр станциясын салуда жобаға «Росатомды» қатыстыру мәселесі мен референдум өткізу мерзімі жайлы сұраған болатын. Өз кезегінде Д.Абаев атом электор станциясын салу мәселесін халық шешетінін айтты. Сөйтіп ол ел Президенттің кез келген стратегиялық маңызды, әсіресе, халықты алаңдататын мәселелерді референдумда шешу туралы ұстанымын жеткізді. Яғни, халықтың пікірімен санасудың маңыздылығына тоқталып, атом электр станцасын салу туралы шешімді қазақстандықтардың оң бағалайтынына сенім білдірді.
«Біз бұл мәселені референдумға шығарып отырмыз. Қазақстанда атом энергиясына қатысты белгілі бір фобиялар бар. Семей ядролық полигоны ұзақ уақыт бойы Қазақстан аумағында орналасты. Ол республика тарихында үлкен ақтаңдақ боп қалды. Бұл жарылыстардың салдарымен әлі де күресіп келеміз. Сондықтан да бұл Қазақстан үшін өте бір «жанды» мәселе. Бұл мәселе референдумнан кейін шешіледі», деді ол.
Жалпы соңғы жылдары энергия өндірісіне деген сұраныс артып келеді. Одан шығатын бірден-бір жол баламалы энергия көздерін арттыру. Соның ішінде атом энергиясын дамыту мәселесі де күн тәртібінде тұр. Өйткені Қазақстан да қазірдің өзінде энергия тапшылығы бар елге айналып келеді.
Қазақстанның экономикасы өсіп келеді. Сондай-ақ көміртегі бейтараптығы мәселесі тағы бар. Дегенмен халық мұнда өзі шешім қабылдауы керек. Егер атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданар болса, «Росатомның» осы саладағы көшбасшылығы ескеріліп, оның «қысқа тізімде» болатыны анық. Ал референдумның нақты қашан өтетіні белгісіз.
Өткен жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом электр станциясын салу-салмау мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін мәлімдеген. «Қазақстан үшін таза атом энер¬гиясы¬ның мәні зор. Бұл – ел эконо¬ми¬касының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын компоненттерін де өзіміз өндіре¬міз. Сол себепті мен еліміздің аума¬ғында атом электр стансасын салу жайына айрықша мән бе¬ремін. Түптеп келгенде, энергети¬ка қауіпсіздігі мәселесін геосаяси мүд¬де емес, нақты қажеттілік пен мүмкін¬дік-тер тұрғысынан қарастырып, ғылыми зерттеулер негізінде шешкен жөн», - дейді Президент.
Атом электр станциясын салуға қатысты қоғамдық талқы еліміздің барлық облыстарында өтуде. Бірақ халықтың пікірі екіге жарылды. Билік өкілдері халықты атом электр станцасын салудың еш зияны жоқ дегенге сендірсе, қоғам белсенділер мен экологтар зияны көп екенін айтуда. Ал «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын жоспарлауда біршама қиындықтар бар екенін алға тартып отыр. Оның айтуынша, елде атом электр станцасын салу үшін бірінші кезекте мол көлемде су қажет екен.
Атом электр станциясын салу мәселесі ел тәуелсіздік алған сәттен бастап көтеріліп келеді. Атом электр станцияларын салу қажеттілігі туралы алғаш рет 1997 жылы сол кездегі ғылым министрі Владимир Школьник көтерген болатын. Одан кейін бұл мәселе 1999 жылы, араға жеті жыл салып 2006 жылы қайта қозғалды. Дегенмен аталған жобалар техникалық-экономикалық негіздеме сатысында қалып қойды. Ал 2014 жылы көтерілген тұста, бұл мәселе Үкімет қарауына жетті. Сөйтіп, атом электр станцияларын орналастырудың ықтимал орындары анықталып, Курчатов қаласы мен Үлкен Балқаш көлінің жағасы белгіленді.
2019 жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станцияларын салу әлі жоспарланбағанын, бірақ егер мұндай жоспарлар пайда болса, мәселе референдумға шығарылатынын айтты. «Атом электр станциясының құрылысы әлі жоспарланған жоқ. Қажет болса, біз бұл мәселені міндетті түрде халықпен талқылайтын боламыз. Қажет болса, референдум өткіземіз» деп сол кезде айтқан ойынан айнымаған Президент өткен жылғы «Әділетті Қазақстан және Адал азамат» атты Жолдауында қайтара еске салып, «Атом электр станцасын салу салмау мәселесі – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз» деп халықтың келісімінсіз іс істемейтінін аңғартты.
Президент сонымен бірге мәселенің қарама-қайшылығына қарамастан, атом энергетикасын дамыту Қазақстан азаматтарының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін өте маңызды екенін атап өтті. «Біздің елімізде атом электр станцияларын салудың орындылығы туралы әр түрлі пікірлер бар екенін білесіздер. Бір жағынан, Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретінде өзінің атом генерациясына ие болуы керек. Кейбір мамандар шағын реакторлары бар станциялардың құрылысын қолдайды. Екінші жағынан, көптеген азаматтар мен бірқатар сарапшылар атом электр станцияларының қауіпсіздігіне алаңдайды» деді. Мұнда Мемлекет басшысы Семей ядролық полигонының қайғылы мұрасын ескере отырып, жекелеген азаматтардың алаңдаушылығы түсінікті екенін атап өтті. Оның пікірінше, осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар мен жан-жақты талқылауды жалғастыру қажет.