Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Астаналық аумақтық сайлау комиссиясының жұмысымен танысты

Oinet.kz 17-05-2024 103

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жуырда Астана қаласындағы елордалық сайлау комиссияларының атқарып жатқан жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында Нұрлан Әбдіров Астана қаласының барлық аудандық аумақтық сайлау комиссияларына барды.

Screenshot_32.jpg

Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясы «Сарыарқа», «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Нұра» аудандарының комиссияларының инспекциясы оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етумен және сайлау комиссияларының жаңадан сайланған мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастыру барысымен таныстыру болды. Ортсайлаукомның басшысы елорданың аудандық сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін арттырудың маңыздылығына назар аударды. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері тарапынан олардың сайлау заңнамасын берік білуі негізінде өкілеттіктердің сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді талап етті.

Бұдан кейін Нұрлан Әбдіров Астана қалалық сайлау комиссиясына барып, елорданың кәсіби негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының барлық мүшелерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалар тақырыбын, оның ішінде сайлау заңнамасындағы аралас сайлау жүйесіне оралу, императивті мандатты енгізу, сайлау комиссияларының партиялық бейтараптығы, ауылдар, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің тұрақты сайлауы, 2025 жылдың қаңтарынан бастап аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды кеңінен енгізу сияқты іргелі жаңашылдықтарды ерекше атап өтті.

Сайлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, ол Корея, Үндістан, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан сияқты серіктес елдердегі сайлауды халықаралық бақылау тәжірибесімен және сайлау процесінің ерекшеліктерімен бөлісті.

Есте болса, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров 2024 жылғы 4-12 сәуірде парламенттік сайлауды байқау және серіктестерімен кездесу үшін, сондай-ақ Сеулде өткен Халықаралық сайлау форумына қатысу үшін болды. Оның сапары екіжақты ынтымақтастық пен білім алмасу арқылы Қазақстанның сайлау процестерін жетілдіруге бейілділігін атап өтті. Бұл сапар екі ел арасындағы сайлау саласындағы ынтымақтастықты арттырды. 

Корея Республикасының ҰСК Төрағасы доктор Но Тхэ-ак-пен екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер барысында төраға Нұрлан Әбдіров тәжірибе алмасуға, әсіресе сайлауды ұйымдастыру, сайлаушылардың қатысуы және технологиялық инновациялар салаларына үлкен қызығушылық танытты. Сонымен қатар, төраға Н.Әбдіров Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының Бас хатшысы доктор Джангпен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында бүкіл әлемдегі сайлау институттары арасында бірлескен зерттеулер өткізу мен білім алмасудың маңыздылығын көрсете отырып, сайлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Сеул Халықаралық сайлау форумында Төраға Нұрлан Әбдіров Қазақстанның жуырда іске асырылған конституциялық реформасын, сайлау жүйесін түрлендіру және елдің демократиялық қағидаттарға және халықаралық стандарттарды ұстануға бейілділігі туралы сөз сөйледі.

Жалпы, Төраға Әбдіров Оңтүстік Корея сияқты халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру арқылы Қазақстанның адал сайлау мен демократиялық құндылықтарды қамтамасыз етуге деген бейілділігін тағы да растады.

Іс-шара барысында Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына арналған «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындыларымен бөлісті. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы сондай-ақ пайымдау, миссия, құндылықтар, қағидаттар, мақсаттар, басымдықтар сияқты элементтер негізінде комиссияны одан әрі дамытудың стратегиялық перспективаларына назар аударды.

– Біздің миссиямыз – азаматтардың еркін сайлау арқылы мемлекетті басқаруға қатысуына жәрдемдесу, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

Кеңес соңында орталыө сайлау комиссиясының Төрағасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, сондай-ақ қалалық және аудандық сайлау комиссияларының төрағаларына бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде сайлау комиссияларының қызметін сапалы материалдық-техникалық қамтамасыз ету, аумақтық сайлау комиссияларын сайлаушылар қызығушылық танытқан ақпаратты (аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орындары, байланыс және басқа да мәліметтері бар облыстардың, қаланың, ауданның карталары (оның ішінде интерактивті карталар) ала алатындай көрнекі әдістемелік материалдармен, ақпараттық стендтермен жабдықтау (оның ішінде цифрлық форматта) тапсырмалары бар. Комиссия мүшелерінің кәсібилік деңгейін үнемі арттыруға, оның ішінде аумақтық сайлау комиссияларының округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін оқытуды ұйымдастыру барысына бақылауды күшейтуге ерекше назар аударды.

Павлодар облысында сайлауға түсетін кандидаттарға қойылатын талап жоғары
Абай мен Қазбек би ауылдық округтерінің жаңа әкімдері сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу