Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Павлодар облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы 16 маусымға тағайындалған. Павлодар облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Людмила Кабанцованың айтуынша, бұған дейін Аққулы ауданы Аққулы, Малыбай, Ямышев ауылдық округтері әкімдіктерінің сайлауы өткізілген. Ендігі кезекте облыстың Ақсу қаласының, Ертіс және Успен аудандарында сайлау өткізу жоспарланып отыр.
- Облыстық аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған әкімдерді сайлауын Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округінде, ал Ертіс пен Успен аудандарындағы Ағашорын және Қозыкеткен ауылдық округтерінде өтеді. Қазіргі таңда сайлауға түсетін кандидаттар белгілі. Олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы бізде сайлауға өтініш берген кандидаттарға қойылатын талап жоғары. Атап айтсақ, Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптар; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңда белгіленген тәртіппен танылған адам кандидат бола алмайды. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңда қойылатын талаптар; Қазақстан Республикасының азаматтығы, жасы 25 жастан кіші емес. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада қойылатын талаптар: Мемлекеттік қызмет туралы заңда азамат мемлекеттік қызметке қабылдана алмайтын талаптар көзлдеген, Кандидат осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс (Е-R-1 категориясы). Бір адам сол және бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды, - дейді Людмила Кабанцова.
Оның айтуынша, Кандидаттар келесі жолдармен ұсынылуы мүмкін: Саяси партиялар өз мүшелерінің қатарынан. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы; дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайызының қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, онда сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады және аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша бір не екі кандидат ұсынуға құқылы.
Әкімдікке кандидаттарды ұсыну кезеңі
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап басталады сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 аяқталады. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады.Тіркеу қажетті құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Саяси партия ұсынған кезде
1) азаматтың кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар;
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
6) осы саяси партияны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;
7) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжат
Өзін-өзі ұсынған кезде
1) азаматтың кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
6) кандидатты қолдау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы
Әкім ұсынған кезде
1) азаматтың кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
6) аудан әкімінің ұсынымы
- Біз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауына кандидаттар тіркеген кезде жоғарыдағы талаптарды басшылыққа аламыз. Бұл кандидаттарға қойылатын талап нормаларына сай келмейтін үміткер сайлауға жіберілмейді. Әкім болатын кандидат осы талаптардың барлығына сай болған кезде ғана кандидат ретінде тіркеле алады, - дейді Павлодар облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Людмила Кабанцова.