Қостанай облысының 10 ауданы 16 ауылдық округінде сайлау өтпек

Oinet.kz 16-05-2024 101

Қостанай облысының 10 ауданында 23 маусымға ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қойылып отыр. Оған дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашконың айтуынша, ауылдық округ сайлауы облыстың Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандарына белгіленген. 

Screenshot_30.jpg

- Атап айтар болсақ, сайлау Әулиекөл ауданының Новоселов, Денисов ауданының Қырым, Бейімбет Майлин ауданының Павлов, Қарабалық ауданының Победа, Қарасу ауданының Жамбыл, Люблин және Қарасу, Қостанай ауданының Александров және Заречный, Меңдіқара ауданының Михайлов, Сарыкөл ауданының Веселоподол пен Урожайное, Ұзынкөл ауданының Новопакров, Федоров ауданының Воронеж, Ленин мен Новошумное ауылдық округтерінде белгіленді. Қазіргі таңда кандидаттар тіркеліп, үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде, - дейді Александр Малашко.

Оның айтуынша, бұған дейін Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімін сайлауы өткізілген болатын. Қостанай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес 2024 жылғы 21 мамырдағы шешімімен 2024 жылғы 19 мамырда сайланған Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округінің әкімі етіп, Майшин Талгат Кенжебайұлы сайланды. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3807 сайлаушы енгізілген, олардың 2519-ы сайлауға қатысып, таңдауларын жасаған. Сайлауда 10 жарамсыз бюллетень анықталса, 31 сайлаушы «Барлығына қарсы» деген жолда белгі соққан. Сонымен дауыс санау барысында кандидат Б.Жұмағалиев 183, Т.Майшин 2084, ал М. Саркин 211 дауыс алған.

Мичурин ауылдық округінің әкімі болып Майшин Талғат Кенжебайұлы сайланды. Ол 1965 жылы туған, Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. Ол «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» ҚБ ұсынылды.

- Ендігі кезекте Қостанай ауданының Александров ауылдық округінде сайлау өткелі отыр. 28 мамыр күні Александров ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша сайлау округінде 5 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 кандидат – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен және 1 кандидат «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылды. Сол сияқты Қостанай ауданының Заречный ауылдық округі әкіміне де кандидаттар ұсынылды. Сайлау округінде 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен және 1 кандидатты «Amanat» партиясынан ұсынды. Жалпы бұған дейін де Қостанай облысында өткен ауыл әкімдерін сайлау қорытындысы бойынша айтар болсам,  облыста сайлау 168 елді мекен кіретін 65 сайлау округі бойынша өтті және дауыс беру178 сайлау учаскесінде ұйымдастырылды. Сайлау өткізу кезеңінде учаскелік сайлау комиссияларының 881 мүшесі жұмыс істеді. Сайлау облыстың 168 елді мекенінде өткізілді. Дауыс беруді ұйымдастыру кезінде сайлау заңнамасының сақталуын саяси партияның 207, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың 279 өкілі бақылады. «Сайлау учаскелеріне әкім лауазымына үміткерлердің 239 сенімді өкілі қатысты. Сайлаушылар тізіміне барлығы 46 799 адам кірді. Қатысу 84,4 пайызды құрады. Барлығы 148 кандидат болды, оның 59-ын саяси партиялар ұсынды. 5 сайлау округінде кандидаттар тек өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға түсті. Үміткерлердің ең көбі – Ұзынкөл ауданындағы Троебратский ауылында. Саяси партиялар ұсынған, «Amanat» партиясынан сайланған кандидаттар – 52, «Адал» партиясынан – 2, «Ауыл» партиясынан – 2, «Ақжол» партиясынан– 2. Өзін-өзі ұсынған 88 әкімнің 7-і сайланды. Сайланған 65 әкімнің 56-сы мемлекеттік қызметші, оның ішінде 46 әкім өзінің сайлау округіне қайта сайланды. 3-еуі – басқа ауылдық округтердің әкімдері, екеуі – коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 4-уі – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Бір әкім уақытша жұмыс істемеді.  Сайланған әкімдердің 8-і – әйел», – деді А. Малашко.

Сайланған әкімдердің мамандықтары бойынша басым бөлігі оқытушылар, экономис, заңгер, инженер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері және басқалар. Орташа жас– 47,4. Ең жасы – 28-де, ең үлкені – 62 жаста. «Сайланған 59 әкім сайлау өткен ауылдық округте тұрады, 6 әкім басқа ауылдық округте, бірақ аудан аумағында тұрады. «Жалған дауыс берілді» деген шағымдар түскен жоқ», – дейді ол. 

Ендігі кезекте ауылдық округ сайлауы облыстың Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандарына қарасты 16 ауылдық округте кандидаттар тіркеліп, сайлауалды дайындық жұмыстарының қызу жүріп жатқанын айтады А.Малашко.

Бір қала 5 ауданда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті
Павлодар облысында сайлауға түсетін кандидаттарға қойылатын талап жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу