Бір қала 5 ауданда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті

Oinet.kz 15-05-2024 167

Батыс Қазақстан облысында 2 маусымға белгіл енген аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің сайлауы өңірдің Орал қаласы мен 5 ауданда ұйымшылдықпен өтті. 

Screenshot_29.jpg

Атап айтқанда, Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі, Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округі, Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі, Тасқала ауданы Достық ауылдық округі, Орал қаласы Деркөл кенті әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты және Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты әкім сайлаулары тағайындалған болатын. 

Кешегі күні таңғы сағат 07.00 де Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің сайлауы басталды. Саяси додаға түсіп отырған 2 кандидатқа дауыс беруі үшін сайлаушылар тізіміне 774 тұрғын енгізілген. Дауыс беру кешкі сағат 20.00 де аяқталды. Таңмен сайлау учаскесіне келіп, бірінші боп өз таңдауын жасаған қамыстылық Марал Төлешев «Бүгін қамыстылықтар үшін маңызды күн. Негізі бұрын-соңды ерте келіп, дауыс бермейтін едім. Алайда, бұл сайлау мен үшін маңызды. Себебі ауыл әкімін дұрыс таңдауымыз қажет. Бұған дейін үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын тыңдап, ауыл үшін жасайтын игі істерді де естідік. Ендігі кезек дұрыс таңдау жасау. Мен өз таңдауымды жасадым. Алла қаласа, ауыл болып ауыл басшысын дұрыс таңдаймыз деп сенемін», - дейді ол.  

Ал Сырым ауданындағы Жетікөл ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауына екі учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеді. №301 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Бисенғали Құлбатырдың айтуынша, сайлау учаскесінде 478 сайлаушы бар екен. Оның 16-сы үйден дауыс берген. 

Сондай-ақ Тасқала ауданындағы Достық ауылдық округінде орналасқан №336 сайлау учаскесінде ауылдық округ әкімінің сайлауы да таңнан басталыған. Мұндағы ауыл тұрғындары сайлауға ертемен келіп үлкен белсенділік танытқан. Ондағы сайлау учаскесінде өткен сайлау жұмысына «Amanat» партиясы мен «Жария» және «Абырой» қоғамдық бірлестіктерінің байқаушылары қатысқан.  

Орал қаласындағы Деркөл кенті әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты сайлау өтті. Аталған кентте 15118 сайлаушы бар. Дауыс беруге бірінші болып келген сайлаушыға, кәмелет жасқа толып, алғаш рет өз таңдауын жасаушы жастарға, саяси науқанда ертемен отбасымен келген жанұяға демеушілердің атынан сыйлықтар табыс етілген. 

Сайлау қорытындысымен округтің жаңа әкімдері белгілі болды. Атап айтсақ, Орал қаласы Деркөл кетті әкімінің сайлау қорытындылары туралы Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармағы, 44 бабының 4 тармағы және 113-10 бабына сәйкес, Орал қаласы Деркөл кенті әкімінің сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы анықтады: 

Деркөл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 15121 сайлаушы енгізілген, олардың 1604-і дауыс берген. Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны үшеу. Үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны 52 адамды құрады. Дауыс беру қорытындысымен Н.Багискалиев 216 (14,9 пайыз), Ж.Жұмағалиев 1061 (73,1 пайыз), Т.Нугманов 174 (12 пайыз) сайлаушының дауысына ие болды. «Бәріне қарсымын» деген жолға 68 сайлаушы белгі соққан. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердың саны 85. Сайлау қорытындысымен Жұмағалиев Жұбан Тұрарұлы жеңіске жетті. Ол 1992 жылы туған. Деркөл кентінің әкімі болып өз орнына қайта сайланды.

Ал Тасқала ауданы Достық сайлау округі бойынша сайлауға қатысуы тиіс 504 азаматтың 273-і өз таңдауын жасаған. Дауыс беру барысында 17 жарамсыз бюллетень анықталып, «Барлығына қарсы» 7 адам өз белгісін қалдырған. Ал үміткерлердің бірі М.Ахметов 95, Ғ.Сапаров 144, Е.Туркаев 10 дауыс жинаған. Сайлау қорытындысымен 1989 жылы туған Сапаров Асхат Гайдарович Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Сырым ауданы Жетікөл сайлау округі бойынша Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы тартысты өтті. Сайлау тізіміндегі 564 сайлаушының  286 дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. 3 сайлаушы «Барлығына қарсы» белгісін белгілесе, 4 жарамсыз бюллетень санақ барысында анықталды.  

Дауыс кандидаттар арасында төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Қ.Құлтемір  95, К.Мурзашев 8, А.Рамазанов 175 дауыс жинаған. Сөйтіп «Amanat» партиясы ұсынған 1983 жылы туған Рамазанов Айдархан Ерсайынович Жетікөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы да тартысты өтті. Онда сайлаушы тізіміндегі 791 азаматтың 387-і сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Мұнда есептеу барысында 4 жарамсыз бюллетень, 6 «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған бюллетень анықталды. Кандидаттар арасында дауыс Ж.Абиров 331, К.Айткалиев 26, Р.Ескалиев 20 болып бөлінді. Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болып «Amanat» партиясы ұсынған, 1986 жылы туған Жанибек Игалиевич Абиров сайланды. 

Бөрлі ауданының сайлау комиссиясы бойынша сайлаушылар тізіміндегі 698 азаматтың 385-і ғана өз таңдауын жасаған. Мұнда жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 8 бюллетень анықталды. Дауыс кандидаттар үшін төмендегідей бөлінді. Кандидат А.Бикеев 37, Н.Каймулдинов 321, ал Ж.Шакирова 27 дауысқа ие болды. Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округінің әкімі болып Нарынбек Өтегенұлы Каймулдинов сайланып, бұрынғы өз қызметін сақтап қалды. 

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Жәнібек ауданының Қамысты ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 774 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 353 сайлаушы дауыс берген. Дауыс беру барысында Н.Аюпов 247, И.Утегенова 46  дауысқа ие болды. Мұнда «Бәріне қарсымын» жолына 35 сайлаушы белгі қойған. Ал жарамсыз бюллетеньдер саны 25-ті құрады. Сайлау қорытындысымен Қамысты ауылдық округінің әкімі лауазымын  Аюпов Нурлан Дуйсенгаевич қайта сақтап қалды. 

Батыс Қазақстан облысында 2 шілдеде 4 ауданның 7 ауылдық округінде сайлау өтеді
Қостанай облысының 10 ауданы 16 ауылдық округінде сайлау өтпек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу