Жаңашыл сайлау жүйесі – саяси реформаның басты құралы

Oinet.kz 12-05-2024 131

Қай кезде де жергілікті атқарушы орган дегенде бірінші кезекте аудан, қала әкімдері еске түседі. Оның ішінде аудан әкімдерінің жұ¬мысы мүлдем бөлек. Сондықтан олар¬ды сайлау мәселесіне өте үлкен сақ¬тық¬пен қарағанымыз жөн. Осыған дейін Ақмола облысындағы аудандарда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп, халық өздері таңдау жасаған болатын. 

Screenshot_23.jpg

Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуовтың айтуынша, соңғы жылдары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Онда осы аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларын кәсіби тұрақты негізге көшіру туралы арнайы тармақ енгізіліп отыр. Осылайша, 2019-2022 жылдар аралығында барлық деңгейдегі аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары кәсіби тұрақты негізде жұмыс істеуде. 

- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру бағытында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Алдымен комиссия мүшелерінің сайлау жүйесіндегі білімі мен кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған кезеңдік оқытулар, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар және тағы басқа іс-шаралары ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараларда сайлау процесін ұйымдастырушыларға сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге басымдықтар берілді. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы барлық денгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі едәуір жоғарылады деп айтуға негіз бар. Өйткені, өткен бес жылда сайлау комиссияларының сайлау процесін даярлауға өкілеттігі бар мемлекеттік органдар, саяси партиялар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің екі сайлауын, Парламенттің екі палатасының (Сенат және Мәжіліс), барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының екі сайлауын, Республикалық референдумды және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ және аудан әкімдерінің сайлауын заң талаптарына сәйкес өткізуі осының айғағы, - дейді ол.

Тағы бір атап өтерлігі Қазақстан Республикасы Сайлау туралы заңына сәйкес сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын саяси партиялармен қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен мәслихаттар қалыптастырады. Айта кетуім керек, аумақтық сайлау комиссияларының құрамы Қазақстан Республикасы сайлау туралы заңына енгізілген өзгерістердің негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес жасақталды. Ең бастысы – бұл азаматтардың қоғам және заң алдындағы жауапкершілігінде. Қазіргі таңда Қазақстан Республикалық Орталық сайлау комиссиясының және Облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен жаңадан сайланған комиссия мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында оларға арналған кезеңдік оқытулар, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылуда. 

«Екінші өзгеріс, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерімен халық арасындағы байланысты нығайту мақсатында әкімдерді тікелей халық сайлауы арқылы жасақтау қажеттігі айқындалды. Осыған орай, 2021 жылы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, әкімдерді сайлау тікелей халыққа берілді. Жалпы, 2021 жылдан бастап облыс көлемінде жүзден аса аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Кандидаттарды ұсыну барысында саяси партиялармен бірге жеке азаматтардың тарапынан өзін-өзі ұсыну белсенділігі едәуір артқаны.

Бұл үрдіс, қоғамды демократияландыру барысында азаматтарды мемлекеттік органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және оларға сайлануына, сайлаушылардың жаңа саяси мәдениетін қалыптастыруға және сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге ықпалын тигізуде» дейді Манарбек Садуов.

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістерде, жаңадан сайланатын депутаттық корпустың таңдауын саяси партиялардан бөлек жалпы халыққа берілуінде және депутаттық мандаттарды бөлген кезде үш санат өкілдерінің: әйелдер, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың саны жиынтығында партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауы тиістігі айқындалған. Өткен жылы республика көлемінде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау науқаны өтті. Мәжіліс пен облыстық мәслихат депутаттарының корпусы аралас сайлау жүйесі арқылы, яғни, кандидаттарды ұсыну партиялық тізіммен және бірмандаттық аумақтық округтер бойынша заң талаптарына сәйкес қалыптастырылды. Ал, қалалық және аудандық мәслихаттар толықтай мажоритарлық жүйемен бір мандаттық округтер арқылы сайланды. Олардың ішінде өзін-өзі ұсынып депутаттық лауазымға ие болғандар саны 20 пайызды құрады. Яғни, сайлау жалпы халықтық болды деп айтуға толықтай негіз бар. 

Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар сайлаушылардың сайлау процесіне тікелей араласуына, өз таңдауын жасауына және олардың жергілікті жерлерде атқарушы органдардың шешім қабылдау процестеріне қатысуға толық мүмкіндіктер береді. Бұндай оң өзгерістер өңірдегі саяси партиялармен қоғамдық ұйымдардың да жұмысын жандандыруға ықпал ететіндігі белгілі. Тағыда бір айта кететін мәселе, сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге әр түрлі тараптардан қатысатын байқаушылардың рөлі үлкен. Мәселен, өткен жылы өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауында 5202 кандидаттың сенім білдірген адамдарымен саяси партиялардың, өзге де акредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, комерциялық емес ұйымдардың және шет мемлекеттер халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

– Сайлау туралы заңда сайлау учаскелерін сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергілікті және өзге жағдаяттар ескеріле отырып құру айқындалған. Бүгінгі күні, облыста құрылған барлық сайлау учаскелері заң талаптарына сәйкестендірілген. Бұл учаскелердің барлығында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың учаскеге келіп дауыс беруіне толықтай жағдай жасалынған. Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған сәттен бастап дауыс беру күніне 30 күн қалғанға дейінгі мерзімде тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Сайлау комиссиялары сайлаушылармен жұмыс істеуде жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің мүмкіндіктерін пайдалануда. Мысалы, кейінгі саяси науқандарда Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен азаматтарды сайлау туралы барынша құлақтандыру шаралары ұялы байланыс операторларымен СМС хабарламалар тарату арқылы жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, сайлауға дейін сайлаушылардың тізімін нақтылау шаралары әкімдіктерде құрылған колл-орталықтарда және дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларымен еgov.kz порталындағы онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың дауыс беруіне жағдайлар жасалуда.  

Сайлау қоғамдық саяси науқан болғандықтан, барлық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, байқаушылар мен сенімді өкілдер тарапынан үлкен бәсекелестік ахуал қалыптасуы шартты жағдай. Бұл, барлық дамыған елдерде өтіп жатқан сайлаулардың тәжірибесінде көрініс табатын құбылыстар. Сондықтан, қоғам ішіндегі кез келген тараптар өкілдеріне таңдау жасау құқығы шектелмеуі тиіс. Біздің мақсатымыз, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саяси реформаның негізінде сайлау процесін заманауи талаптарға сәйкес үнемі жетілдіріп отыру болып табылады» дейді комиссия төрағасы.  

Сайланған әкімдер ел сенімін ақтауы тиіс
Сайлауға түсуге ниет білдіргендерге қойылар талап та жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу