Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Биыл 5 мамырда Ақмола облысының үш ауданында округ әкімдерінің сайлауы өтті. Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуовтың айтуынша, ол сайлауға үміткерлер екі жолмен ұсынылады екен. Біріншісі, белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері арасынан бір адамды ұсынуына болады.
Бұл жерде саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидат ұсынуға құқылы. Екіншісі, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайыз қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Егер ұсынылған кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда жоғары тұрған әкім тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы», - дейді ол.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жол¬дауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тап¬сырған болатын. Осы саяси реформа аясында былтыр ауыл әкімдері сайланды. Міне, биыл пилоттық режимде жүзеге асырылатын жоба аясында әкімдер сайланатын аудандар қатарына Целиноград, Зеренді мен Атбасар аудандары болды. Бұған дейін елімізде болған саяси бәсекелерге біздің аудандардың халқы немқұрайды қарамай, үнемі белсенділік танытып келді. кешегі күні өткен сайлауда да жерлестерімнің дәл сондай белсенділік танытқанын өз көзімізбен көрдік. Жалпы, азаматтардың сайлауға қатысуы не үміткер ретінде өзін-өзі ұсынуы – туған өлкенің тұрмысын түзетуге деген ізгі ниеті ғана емес, зор жауапкершілік. Сондықтан «мен» деп алға суырылып шыққан, білімді, жан-жақты азаматтарды қолдасақ, әрбіріміз өз таңдауымызды жасасақ, бұл да бір демократиялық қоғам құруға деген қадам деуге болады. Тағы бір айтарым, аудан және ауыл әкімі болып жергілікті жердің азаматтары сайланса және олар 4-5 жыл туған жеріне қызмет етсе, сонда ғана жұмыстың нәтижесі болады, - дейді ол.
Жалпы сайлауға кімдер қатысып, үміткер бола алмайды? Манарбек Садуовтың айтуынша, биылғы әкімдер сайлауына түсетін үміткерлерге қойылатын басты талап – олар Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс. Екіншіден, саяси мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға сай болуы керек. Үшіншіден, жас шегі – 25 жас және тексерістен оң нәтиже алуы шарт. Сондай-ақ Конституциялық заңның 113-2-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін әкімге кандидат тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тізбесі бірлескен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы №102 бұйрығымен және Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы №4/407 қаулысымен белгіленген құжаттарды ұсынуы керек.
Конституцияға сәйкес сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ. Сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсі бар адам сайлауда әкімге кандидат бола алмайды. Айта кету керек, сайланатын әкімдердің өкілеттік мерзімі – 4 жыл.
- Жалпы ауылдық округ әкімдерін сайлау кезінде дауыс беру 5 мамыр күні аталған үш ауданда таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін өтті. Сайлау учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кешіктірілмей берілді. Көп дауыс жинаған кандидат ауылдық округтің әкімі болып сайланып, комиссия 7 күн ішінде оны тіркеп, тиісті куәлік берді. Ережеге сай сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады. Дауыс беру кезінде аудандардағы ауылдық округтердегі сайлау учаскелеріне байқаушылар саяси партиялардан, аккредиттелген үкіметтік емес ұйымдардан жіберіледі. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде дауыс беру процесін кандидаттардың сенім білдірген өкілдері де бақылай алады. Алайда дауыс беру шараларына байқаушы ретінде бір ұйымнан бір мезгілде бір адамнан ғана қатысуға құқы бар, - дейді комиссия төрағасы.