Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы уақытқа дейінгі барлық үндеулері мен халыққа Жолдауында ұлттың тағдырын, елдің болашақтағы даму бағытын, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін артыру механизмдерімен бірге әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелерін бастапқы орындарға қойып келеді.
Дамыған мемлекеттің межесі тек сарабдал сыртқы сясатымен, тегеурінді экономикасымен ғана өлшенбесе керек. Табысты ел болудың кепілі әлеуметтік жағдайлармен де сараланады. Қарап отырсақ, соңғы бір-екі жылдың өзінде елімізде көптеген айтулы оқиғалар орын алып, халық мүддесіне сай қызмет ететін саяси реформалар біртұтастықпен және жүйелілікпен жүзеге асырылып отырғандығына көз жеткіземіз. Атап айтсақ, Әділетті Қазақстан ұстанымдарымен сай келетін Конститутциялық Сот туралы заң, мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудағы өгерістер, аудан және облыстық маңызды аймақтардың әкімдерін сайлау демократиялық тұрғыда жүзеге асырылғандығының куәсі болып отырмыз.
Қазіргі таңда әлем елдерінде жаһандық бәсекелестік қарыштап дамыған сайын біздің қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық салаларда нақты өзгерістер орын алып отырғаны жасырын емес. Сонымен бірге адамдардың санасы жаңарды, құндылықтары өзгеру үстінде. Сондай-ақ сайлауға түсуге ниетті жастарға қойылып отырған талап пен міндет те арта түскен. Президентіміздің жаңа рефрмасында бүгінгі күні әкім лауазымына үмітті мемлекеттік қызметшіге қояр табабы да жоғарылай түскен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Egtmen Qazaqstan» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» атты сұхбатында мемлекеттік қызметші алдына жолғары талап қойды. Президентіміз: «Мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаратын кәсіби маман ғана болмауы керек. Олар әрдайым бастамашыл, нақты ісімен елге пайда әкелетін және өзгерістердің өміршеңдігін халыққа көрсете алатын азамат болуы қажет. Сондай-ақ олар білімді-білікті ғана емес, сөзі мен ісі үйлесетін, тиянақты, тәртіпті және арлы адам болуы шарт. Қарамағымда қызмет істейтін азаматтардың маған емес, Әділетті Қазақстанды құру идея¬сына адалдығы әлдеқайда маңызды.
Барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар қоғамның тамырын тап баса білуге, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап-түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қабылдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болуы керек. Бұл – ең басты талап. Олар «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс» дейді. Сайлауға түскен әрбір әкімге қойылар талаптың бірі осы десек артықтық етпес.
Президент тапсыруымен елде Президенттік жастар кадр резерві жасақталды. Іріктеудің бірнеше сатысынан өткен кәсіби жас маман¬дар мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарға тағайындала бастады. Саяси реформалар аясында партия¬лардың сайлау тізімін жасақтағанда және депутат мандатын бөлгенде әйел¬дер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін квота енгізілді. Соның нәтижесінде көптеген отаншыл жас Мәжіліс және мәслихат депутаты атанды. Өкілетті билікте жастардың үні жарқын естіле бастады. Осындай нақты қадамдар билік органдарының құрамын жаңартуға тың серпін бергені анық.
Қазіргі халықтың табысы саналатын жалақыны өсіру, тұрмыс әлеуетін жақсарту, қоғамға ең қажетті өмір сүруге жайлы ортаны қалып-тастыру, азаматтардың сұра¬нысына сай мемлекеттік аппарат құру, ішкі саясаттың тиімділігін арттыру және әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістерге атсалысуын қамта¬масыз етуге бағытталған жаңа міндеттер халықтың көкейінде жүрген көптеген сауалға берілген нақты жауап десек қателеспейміз.
Сондай-ақ барша Қазақстандықтардың көкейінде жүрген ұлттық қордан балаларға қаржы бөлу мәселесінің шешімінің табылуы да еліміздегі халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың жарқын үлгісі болып отыр. Тегеурінді ұлт болудың негізі халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты десек, өмір сүру деңгейін арттыру мен білім беруді дамыту, денсаулық сақтау саласын оңтайландыру, билік пен халық арасында қолжетімді диалог орнату әрбір елім деген азамат үшін аса маңызды. Енді алда тек табандылықпен жұмыла іс жасау қажет.