Тізімге өзгерістер енгізілген жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы не істеуі керек?

Oinet.kz 27-04-2024 303

Жақында Шу ауданында сайлаушылар тізімін өзектендіру, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі қалыптастыратын жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайының бірегей мәселелері туралы кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысының төрағасы Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы Нариман Абай болды. 

Screenshot_23.jpg

Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар көп қойылды. 

Мәселенки, сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясының әрекеті қандай, не істеуі керек?

Сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарлайды. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Яғни, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерiндегi сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда тиiстi сайлау комиссиялары танысу үшiн сайлаушыларға бередi. Жалпы алғанда сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сондай-ақ, нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу міндетті ме?

Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.

Бұл жиынға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Ә.Боранбаев, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК -ның Жамбыл облысындағы өкілі А.Асқарбеков, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сембеков, Cәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы және Шу аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері, сайлаушылар тізіміне жауапты Шу қаласы және ауылдық округ мамандары қатысты.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сембековтің «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі қалыптастыратын жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайының бірегей коды туралы хабарламасы айтылды және әкімдерге, мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Сайлаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ситуациялық кейстер талқыланды
Барлық қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу