Барлық қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырды
Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласының жаңадан сайланған комиссия мүшелеріне «Қазақстан республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында оқыту-семинарлары ұйымдастырылды.
Семинарға Жамбыл облысы бойынша 705 жаңадан сайланған комиссия мүшелері қатысты. Олар жалпы облыс бойынша комиссия мүшелерінің 20% құрайды.
Семинардың оқыту бағдарламасы 8 академиялық сағатқа тең бір күндік оқыту семинарын және іскерлік ойынды қамтыды.
Сонымен қатар, барлық қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырды.
Оқыту жоспарына сәйкес семинарда «Сайлау құқығының принциптері және сайлау жүйелерінің негізгі аспектілері» тақырыбындағы дәрісінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы Конституциялық заңының негізгі нормаларына түсініктемелер беріп өтті. 2022 жылы сайлау туралы заңға бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілгенін айтып, оның негізгілеріне тоқталып өтті. Атап айтқанда мажоритарлық сайлау жүйесін қайтару, сайлауды бақылау үшін қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің енгізілуі, аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын кәсібилендіру, Мәжіліс, мәслихат депутаттарын және ауылдық округ әкімдерін сайлауда «барлығына қарсы» бағанының енгізілуі, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кері қайтарып алу мүмкіндіктері сайлау туралы заңды жетілдіріп, қоғамды демократияландыруға үлкен ықпал еткендігін жеткізді.
Облыстық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Т. Жамалов «Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, олардың мәртебесі және өкілеттіктері» туралы өз дәрісінде заң талаптарына сәйкес дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру бойынша түсіндірме берді. Осы тақырып бойынша жаңадан сайланған комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
«Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, олардың мәртебесі және өкілеттіктері» туралы облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев дәріс оқыды. Дәрісте Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы Конституциялық заңының 18 бабындағы учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіліктеріне тоқталды.
Комиссия мүшесі М.Сембеков өз дәрісінде «Қазақстан Республикасындағы байқаушылардың қызметін қамтамасыз ету, сайлау алдындағы үгіт, cайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу» туралы тақырыптарды қамтыды. Дәріс соңында Тараз қаласы мен аудандарда жаңадан сайланған комиссия мүшелерінің тарапынан Сайлау туралы заңның 20-1 бабының 2 тармағында көрсетілген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу және байқаушылардың құқықтары бойынша қойған сұрақтарына жауап берілді.
Өз дәрісінде Е.Жапаров «Сайлауға қатысушы тарап ретінде байқаушыларға қойылатын талаптарды да ескеру қажет» екендігін айтып өтті. Оларға көзделген нақты жауапкершілік Қазақстан Республикасының нармативтік құқықтық актілілерінде айқындалған. Мысал ретінде, учаскесіндегі тәртіп ережені сақтамаған жағдайда, Конституциялық-құқықтық жауапкершілік ретінде Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 39-бабы 2-тармағына сәйкес, байқаушыны, өзге адамды дауыс беруге арналған үй-жайдан шығару немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 150-бабына сәйкес, сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау қылмыстық жауапкершілік қолданылатыны және Қазақстан Республикасының азаматтық кодексiнің 145-бабының талаптарын сақтауға міндеттеледі туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ, 2023 жылғы учаскелік сайлау комиссия тарапынан орын алған нақты бұзушылықтарға тоқталып, заңға сәйкес салынған айыппұл көлемін және ауыртпалығын түсіндірді. Осы ретте, жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне алдағы сайлауларда заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ескертті.
Оқыту-семинарында, «Сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру туралы» комиссия мүшесі Ә.Қадырбекова және «Аумақтық сайлау комиссияларының құжат айналымы туралы» тақырыбтарында комиссия мүшесі М.Амангелді дәрістер оқып, өзекті сұрақтарға толығымен жауап берді.
Семинар барысында оқылған дәрістерді бекіту мақсатында дауыс беру күні іскерлік ойыны Тараз қаласында және аудандандарда учаскелік сайлау комиссияларының ұйымдастыруымен өткізілді. Іскерлік ойын барысында дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы үй-жайының ҚР ОСК Қаулысына сай жабдықталуы бойынша және дауыс беруді өткізу бойынша комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында туындайтын ситуациялық сұрақтарына жауап берілді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға оқылған дәрістерді меңгергендігін айқындау мақсатында 30 тест сұрақтары берілді. Тесттің қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге Шу және Т.Рысқұлов ауданының комиссия мүшелері ие болды. Тараз қаласы мен қалған аудандардың жаңадан сайланған комиссия мүшелері орташа көрсеткіш көрсетті.
Семинарға қатысушы жаңадан сайланған комиссия мүшелері дәріскерлердің оқыған тақырыптары бойынша пайдалы ақпарат алғандықтарын жеткізіп алдағы уақытта осындай семинарлардың жалғастыруға қолдау көрсетті.