«Дауыс беру күні» іскерлік ойыны ұйымдастырылды

Oinet.kz 01-05-2024 309

Т.Рысқұлов аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өткізілді.

Screenshot_25.jpg

Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 11-1)-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8-желтоқсандағы №104/806 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар кешені» негізінде жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинарында дәріс оқыды. 

Семинар-тренингке Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық прокуратура өкілдері, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты бас есепшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Қатысушыларға «Тұлға» психологиялық кеңес беру және тренинг жүргізу орталығының маманы «Кәсіби қарым-қатынаста тиімді коммуникацияларды құру әдістері, стресс-менеджмент» тақырыбы бойынша сергіту сәті өткізілді. 

№357 учаскелік сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны» іс-шарасы өтіп, дәріскерлер жан жақты түсіндіру жүргізді.

Сонымен қатар, комиссия мүшесі Е. Жапаров «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау заңнамасындағы құқықтық жауапкершілік туралы» тақырыбында дәріс оқып,  сайлау процесіне қатысушыларға қарастырылған Конституциялық-құқықтық, Әкімшілік құқық бұзушылық және Қылмыстық кодекстегі жауапкершіліктер туралы айтып өтті. 

Спикер, азаматтардың сайлау құқықтары саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік Кодекстің 11-тарауында сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 26-баптан тұратынын атап өтті (101-126 бапқа дейін). Оның ішінде, учаскелік сайлау комиссия тарапынан орын алған 110-бап «Азаматтарға басқа адамдарға дауыс беру мүмкіндігін беру мақсатында сайлау бюллетеньдерін (дауыс беруге арналған бюллетеньдерді) беру»  (25 АСК – 92 300 теңге көлемінде) және сайлаушылар тарапынан  орын алған  108-бап  «Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу (тең сайлау құқығы туралы талапты екi немесе одан да көп рет немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу)» (25 АСК – 92 300 теңге көлемінде) кеңінен тоқталды. 

Семинар соңында жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері біліктілігін арттыруға арналған тақырыптар аясында тестілеуден өтті. 

Семинар соңында қатысқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сертификаттар табысталды.

Барлық қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырды
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ПАРККЕ 100 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу