Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Жасыратыны жоқ, сайлау науқаны кезінде сайлаушылар тарапынан сұрақтар өте көп қойылады. Көп тұрғындар сайлаудың кейбір баптарын, тәртіптерін түсінбей, теріс пікір қалыптастыруы мүмкін.
Тіпті осындай түсінбеушіліктен кейін сайлауда жеңіске жеткендер туралы да әр түрлі әңгімелер өршіп жатады. Негізі кез-келген сайлауда жеңіске жету үшін жылдар бойы қажырлы еңбек ету қажет. Халықтың және тарихтың алдындағы жауапкершілікті сезіну керек. Бір сөзбен айтсақ, ұзақ мерзімді, жүйелі стратегияның арқасында ғана жеңіске жетуге болады.
Міне, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын теориялық және қолданбалы білімдерін кеңейту арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру бағытында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ғимаратында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау процесінде құқықтық сауаттылықты арттыру тәсілдері мен іс құжат айналымын жетілдірудің әдістемелік көмек негіздері» тақырыбы бойынша оқыту-семинары өтті.
Семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мамандары Г.Кулибаева және Д.Атышева, Жамбыл облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Ж.Берлібай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жолданымдарды талдау және бақылау бөлімінің аға прокуроры Е.Кенбаева, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Б.Байхожаев және заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистрі А.Аппазовтар қатысты.
Семинарды Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашты. Алғашқы дәрістерді Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің маманы Г.Кулибаева «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану туралы», сонымен бірге осы мекеменің маманы Д.Атышева «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану» және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі М.Амангелді «Аумақтық сайлау комиссияларының құжат айналымы туралы» тақырыбында дәрістер берілді.
Оқу жоспарына сәйкес келесі дәрістерді «Сайлау бостандығының кепілдіктері және құқықтық жауапкершілік туралы» Жамбыл облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Ж.Берлібай, «Қазақстан республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларының қолданысы туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жолданымдарды талдау және бақылау бөлімінің аға прокуроры Е.Кенбаева және «Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттары және «Қазақстан Республикасында Адам құқықтары бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келуі» тақырыбында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Б.Байхожаев оқыды.
Сонымен қатар «Сайлау заңнамасындағы жауапкершілік туралы» заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистрі А.Аппазов, «Сақтау мақсаттарына қол жеткізген кезде немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда дербес деректерді жою қағидалары туралы» «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша өкілі А.Асқарбеков және «Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттары және Қазақстан Республикасында Адам құқықтары бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келуі» туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Е.Жапаровтардың дәрістері тыңдалды.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ситуациялық кейстер талқыланды.
Сондай-ақ өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары оқытылған тақырыптарды бекітуге арналған арнайы тестілеуден өтті.
Семинар соңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов тестілеу қорытындысы бойынша аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне сертификаттарын табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.