Клебановқа күдік күшейді
31-05-2023
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен, Түркістан қаласы әкімдігі және облыстық “Жастар Рухы” жастар қанатының бастамасымен Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған үстел теннисінен «AMANAT CUP» облыстық ашық турнирі өтуде.
Турнирдің ашылуына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы, Түркістан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Мырзабаев Арман және “Жастар Рухы” жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансерік қатысты.
Ашық біріншілік 2023 жылдың шілде айының 17-19 жұлдызына жоспарланған. Алғашқы күні дене қыздыру, жаттығу күніне арналған. Жарысқа Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан бөлек Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Қырғыстан мемлекетінен теннисшілер келді. Бүгін, 18 шілде жасөспірімдер арасында турнир басталды. 200- ге жуық жасөспірім турнирде бақ сынауда. 136 ұл, 64 қыз тіркелді.
Жалпы 7 санатты қамтыған жарысты ертең 19 шілде күні ересектер қорытындылайды. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттар мен жүлделі орындармен марапатталатын болады.