Мал шаруашылығында мүмкіндік көп

Oinet.kz 04-04-2023 5468

сайт21 фото.jpg

Мегаполисте ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін артып келеді. Импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында құны 15 млрд теңге болатын 14 жоба қолға алынды. Соның нәтижесінде 298 адам жұмысқа орналасты. Жаңадан  құс фермалары, сүт өндіретін және өңдейтін, балық өсіретін, мал бордақылайтын, мал азығын дайындайтын шаруашылықтар мен жылыжай кешендері бой көтерді.  

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының аясында биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 48,7 млрд теңгеге, экспортты 331,8 млн теңгеге, дайын тауар үлесінің өсімін 80 пайызға және негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 15,4 млрд теңгеге жеткізуді жоспарда тұр.

 Бүгінгі таңда шаһарда егістік пен жайылым жерлер қысқарған. Соған қарамастан агросаладағы жобаларды жүзеге асыру жалғаса береді. Сондықтан сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара басын көбейту мақсаты жатыр. Шаруалар мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара бағып отыр. Биыл мал шаруашылығын дамытуға 1 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Оның 185,1 млн теңгесіне жем-шөп әзірленеді. Жоспарға сәйкес биыл 9,1 мың тонна ет, 52,3 мың тонна сүт және 154 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады.

Сүт өндірісінің жылдан-жылға артуы сүт өнімдеріне сұраныстың өсімімен байланысты. Сондықтан асыл тұқымды сүтті сиырлардың санын көбейтуге басымдық берілген. 

Қала әкімдігі малдың жем-шөбін дайындауға мән бере бастады. Бұл бастама тегін емес. Өйткені «Сиырдың сүті – тілінде» демекші, жоғары өнім алу құнарлы мал азығына байланысты. Малдың бір күндік азығының жартысына жуығын құрама жем құрауы керек. Сондықтан алдағы уақытта мал азығын әзірлейтін жаңа цехтар бой көтереді.

Кәдімгі сиырлар тәулігіне 7-10 литрден сүт берсе, асыл тұқымдыдан 30-40 литр сүт алынады. Асыл тұқымды мал санын көбейтуге назар аударудың мәні де осында. «Қара ала», «Әулиеата», «Голштино-фриз», «Симентал» секілді ірі қаралар сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуға арналып шығарылған тұқымдар. Оларды шаруаларға көбейтіп берумен және тұқымын сақтап қалумен шаһардағы «Селекциялық орталық» мекемесі айналысады. 


Мегаполис дамуы мемлекет назарында
Үстел теннисінен “Аmanat cup” облыстық ашық турнирі өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу