«МариМатик» қаланың тазалығына ат салыспақ

Oinet.kz 24-07-2019

МариМатик.jpg

 Финляндиялық «МариМатик» концерні Түркістан қаласының басшылығымен кездесіп, ауқымды жобаның аясын талқылады. «МариМатик» - қоқысты қайта өңдеу бағытынан әлемдік озық технологияны жасақтаған бірден бір компания болып есептеледі. 

Автоматтандырылған жүйемен тұрғындар үшін ыңғайлы орындарға (қоғамдық және тұрғын үй массивтеріне) қойылған жәшіктерге түскен қалдықтар құбырлар арқылы орталық станциядағы контейнерлерге нығыздалып, контейнерлер қоқыс тасымалдағышпен өңдеуге жөнелтіледі. Бұл жүйеде электр қуатын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар үшін тиімділік сияқты барлық аргументтер ескерілген. Сондықтан да бұл жоба туристер қабылдаудан озық елдерде, атап айтсақ, Арабияда, Ресейде, Финляндияда жүзеге асырылған, - деді «МариМатик» компаниясының директоры Вакалова Валентина.

         Жоба жетекшілерінің толық ұсынысын тыңдаған қала басшысы Рашид Аюпов қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен бас архитекторға осы жобаны жүзеге асыруға болатын қолайлы орындарды қарастырып көруді тапсырды.  

         Қала басшысы тарапынан бұл жобаны пилоттық жоба ретінде немесе жеке меншік әріптестік негізде жасап көру ұсыныс ретінде айтылды. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде дамыту бағыты қарастырылып жатқан Түркістан қаласында осындай инновациялық тиімді жобаларды жүзеге асыруға жаңа әкім Р.Аюпов қашанда ниетті. Себебі қазіргі таңда қаланың тазалығын реттеу ең бірінші орында тұр.



«Сырдария» мен «Арманға» тұрғындар күзде қоныстанады
Жәрмеңке өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×