«Сырдария» мен «Арманға» тұрғындар күзде қоныстанады

Oinet.kz 24-07-2019 1147

Сырдария.jpg

Түркістан қаласының іргесіндегі жаңа шағынауданда көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Аяқталуға жақын 48 пәтерлі үйдің қас беті қапталып бітсе, пайдалануға берілуге дайын. Бұл құрылыс алаңында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі жерде көпқабатты үйлер де бой көтеріп келеді. «Сырдария» мен «Арман» тұрғын үй кешендерінде  60 пәтерлі үйдің құны 534 миллион теңгені құрайды. Баспана құрылысы біткен мезетте мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне беріледі. 

Бүгінде Түркістан қаласында баспана кезегінде 8 мыңнан астам адам тұр. Өздеріңіз байқағандай облыс орталығында құрылыс қарқын алған. Әсіресе тұрғын үй құрылысы. Пәтерлердің кілтін кезектегі азаматтарға табыстау шілде, қыркүйек айларына жоспарланған. Күзге дейін 1,5 мың пәтер үлестіріледі, - деді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов. 

 Құрылысқа жергілікті мамандар тартылған. Түркістанға жақын орналасқан ауылдағы ағайындар өңірде жұмыс табылғанына риза. Облыс орталығы болып, құрылысы қарқын алған соң Түркістанның бас жоспары да нақтыланып жатыр. Басты құжатқа сәйкес әкімшілік іскерлік орталығында тұрғын үй кешендерінің құрылысы да қарастырылған.


«Бір белдеу – Бір жол» жобасын жүзеге аспақ
«МариМатик» қаланың тазалығына ат салыспақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу