Онлайн-саудада тұтынушы ескеруі қажет қағидалар
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Әлемде ең көп сатылатын қандай өнім екенін білесіз бе? Сіз бұл сұраққа «нан» деп жауап беруге асықпаңыз. Әлемде ең көп сатылымға ие – бензин, одан кейінгі орында күніне 2 миллиард АҚШ долларына сауда жасалатын кофе екен. Тағы қандай өнімдер сұранысқа ие екенін мақаланың жалғасынан оқып біле аласыздар.
Қазіргі уақытта электронды сауда көп тұтынушыны қызықтырады. Оқырмандар онлайн сатылым жайлы ақпаратқа қалыпты қарағанымен, интернет-маркетологтарды бұл тақырыптағы жазбалар «селт еткізері» сөзсіз.
Ең алғаш интернет-сауда 1995 жылы amazon.com сайтында кітап сатылуынан басталады. Қазірде сайттың комерциялық бөліміндегі бизнез тренигте:
«Бір кітапты желіге жүктеу үшін кемел идея 5-7 күн аралығында туады. Мен бір айда кітапқа қатысты 40-қ а жуық мәлімет жүктеймін. Айына 3500 АҚШ долларына (1 млн. 337 мың теңге) сауда жасаймын» деген интернет-маркетологтың жазбасы көрсетілген.
Қазақстанда заманауи сауда-саттық қызметін қазір 2 миллион 300 мыңдай адам тұрақты түрде пайдаланады. Нарықта 1700-ден астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Ең өтімді тауарлар: құрылыс заттары, тұрмыстық техникалар, киім-кешек, косметикалар.
Тапсырыс берілген өнім мен жеткізілген өнім айырмашылығы. Сурет "anews.ru" сайтынан алынды.
Онлайн-саудада тұтынушы ескеруі қажет қағидалар:
1-қадам. Ең әуелі өзіңізге қандай зат керек екенін нақтылаңыз. Сапалық жағына критерий қойыңыз. Қайда, қанша уақыт аралығында қолданатыныңызды бекітіңіз. Соған сәйкес көп тұтынушысы бар интернет дүкен таңдаңыз.
Киім алатын болсаңыз, қай елдің өнімі екендігіне мән беріңіз. Суреттер көрсетілгенде қандай материал екені көрініп тұрса, сенуге болады.
Косметика алатын болсаңыз, құрамы көрсетілуін қадағалаңыз. Кей парақшада өнімнің қалай пайдалану керектігі жайлы ақпараттар орналасқан. Бұл типтегі магазинге сенуге болады. Себебі, тәжірибелі маркетологтар ғана жан-жақтылы ақпарат беру қасиетіне ие.
Тұрмыстық тауарларды аларда сатушыға емес өндірушіге мән беріңіз. Бұрыннан пайдаланып жүрген электроны марка болғаны жақсы. Жеткізілу деңгейін де назардан тыс ұстамаңыз. Сіздің тапсырыңыз зақымданбай келетін дәрежеде курьерлік қызмет ұсынылуы тиіс.
2-қадам. Онлайн дүкендерге төлемді алдын-ала жасайсыз. Сол себепті мұқият тексеріңіз. Тегін жеткізу желілері бар дүкендерде баға жоғары болуы мүмкін. Ерінбей өзге дүкендермен салыстырыңыз. Дүкен иесінің жеке деректерін ( аты-жөні, телефон номері, әлеуметтік желідегі парақшалары) біліңіз. Өзге тұтынушылардың өнім сапасына пікірін оқыңыз. Пікір иелері жалған атауме жазып отырмағанына көз жеткізіңіз.