Байлар мен кембағалдардың арасын айырып тұрған – сауатсыздық

Oinet.kz 27-04-2019 1576

Screenshot_2.jpg

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мәлімдеуінше, байлар мен кембағалдар арасындағы алшақтық жыл санап артып келеді. Осы ұйымға енетін 34 елдің ең бай 10 пайыз тұрғыны ең кембағал 10 пайыз тұрғынына қарағанда он еседен астам табыс табады. Аталмыш ұйым мұндай алшақтық пен теңсіздік экономикалық дамуға тұсау болып отырғанын айтады.

ЭЫДҰ-ның жуырда жариялаған баяндамасына сәйкес, байлар мен кембағалдар арасындағы алшақтықтың басты себептерінің бірі – білім деңгейі, яғни сауатсыздық болып отыр. Білім деңгейінің төмендігі еңбек үшін төленетін ақы мен кембағал адамдар атқаратын қызмет тиімділігінің төмендігіне себеп болады екен. 

Ең бай 10 пайыз топтың қолында ел байлығының жартысынан көбі шоғырланған. ЭЫДҰ-на АҚШ, Канада, Австралия және Жапония сияқты қуатты елдер кіретінін айта кету керек. Баяндама авторларының пікірінше, кембағалдыққа себеп болып отырған тағы бір фактор – «тұрақсыз жұмыс». Қазақстанда бұл категориядағы отандастарымызды «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп атап жұр. Осы тұрақты жұмысы жоқ адамдар кембағалдар қатарын арттырып келеді.

Дамығын елдердегі салық пен әлеуметтіқ қорғау жүйелерін де тиімді деуге келмейді. Бұл жүйелер байлардың табысын жұмылдыра отырып,  кембағалдарды қолдау міндетін атқара алмай келеді. Баяндамаға қарағанда, байлар мен кембағалдар арасындағы алшақтық әсіресе, Латын Америкасында, сонын ішінде  – Чилиде шектен тыс үлкен.

Сонымен  ЭЫДҰ-ы байлар мен кембағалдар арасындағы алшақтықты қысқартудың тиімды жолы ретінде ұйымға мүше елдердің үкіметтерін кембағалардың білім алуына күш салуға, осы салаға үлкен инвестиция құюға, сондай-ақ, тұрақты жұмыс орындарын ашуға шақырып отыр. 

Бүгінде бұл баяндаманы әлем жұртшылығы, сонын ішінде сарапшылар қауымдастығы қызу талқылап жатыр. Мысалы Колумбия бизнес- мектебінің профессоры Джо Стиглицтің айтуынша, мәселе білімде емес. Қазір сауатты, қолында айтулы университеттің дипломы бар адамдардың жалақысы да жылдар бойы бір деңгейде қалып отыр. Ал ірі корпорациялардың басшылары (топ менеджелері)  мен қатардағы қызметкерлердің жалақысының айырмашылығы 300 есеге жетті. Мүндай жалақыны ешқандай интеллект немесе ешқандай еңбек өнімділігімен ақтауға болмайды. Өткенде «Қазпошта» бастығының жалақысы 1.5 миллион теңге екенін жазған болатынбыз. Мусин мырза мен ауылдағы почтальонның жалақысының арасындағы айырмашылық та 100 есені құрап отыр.  Профессор Стиглицтің айтуынша ілгеріде бұл айырмашылық 300 емес, орташа  – 20-30 есе болған екен.

ЭЫДҰ-ы баяндамасы авторларының бірі Марк Пирсонның айтуынша, тек кембағал елдер емес, бай елдердің өзінде ең кедей 40 пайыз тұрғынның еншісіне ел байлығының 3 пайызы ғана тиеді. Ал ең бай 10 пайыз жақсылар мен жайсандардың үлесіне ел байлығының жартысынан астамы бар. Дамыған елдердегі үкімет органдары да кембағалдарға бұл тығырықтан шығудың жолын дөп басып айта алмай отыр.

Коптеген елдерде байлықтың аттың қасқасындай шағын топтың қолында шоғырланғанының күәсі болып отырмыз. Кембағалдар мен байлардың өмірдегі мүмкіндіктері әрқилы және ол ешқандай салыстыруға келмейді. Бұл қоғамдарда түрлі тап өкілдерінің мүмкіндіктері тең емес. Ал бұл жағдай өз кезегінде мемлекеттің дамуына тосқауыл болады.

Кеңес Одағы ыдырап, еліміз  тәуелсіздік алған кезде, қазақ қазақ болғалы қалыптасқан дүние-мүлік, тау мен тас, егін алқаптары мен жер асты байлықтары бөліске түсті. Жоғарыда адамы, қолында билігі немесе байлығы бар адамдар сол бүкіл халықтың еңбегімен құралған байлыққа ие болып шыға келді. Енді бұл байлық қайта бөлінбейді. Ірі меншік иелері заңмен де, әдетте байларға қарай бүйрегі бұрып тұратын билік институтарының  өкілеттігімен қорғалған. Байлардың қолында әлемнің ең күшті қаруы – ақша бар. Сол ақшаның күшімен дегеніне жетіп жатыр. Арабтар: «Ең күшті елші – ақша» деп босқа айтпаған екен. 

Мұрағаттан, 2015 ж

Ипотекалық қарыздар... Бұл қарыздарды қайта қаржыландырудан кім ұтады?
Банкке пайыздық құлдыққа түспеудің бес тәсілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу