Инвестор үшін ең маңызды – қауіпсіздік пен саяси тұрақтылық

Oinet.kz 09-09-2021 919

Screenshot_5.jpg

Республикалық маңызға ие мегаполис–Шымкентте соңғы жылдары 2,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын 17 шетелдік инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл негізінен Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Польша, Германия, Өзбекстан елдерінен келген шетелдік инвесторлар.

Нақтылай кететін болсақ, шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асқан ірі жобаларға «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС-інің –Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту жобасы, құрылыс материалдарын өндіру саласындағы –«Шымкентцемент» АҚ, «Gold Aluminum» ЖШС, фармацевтика саласында – «Химфарм» АҚ, кондитерлік өнім өндіруде – «Рахат-Шымкент» ЖШС, жеңіл өнеркәсіп саласында – «Бал текстиль», «СП «Lux Shoes» ЖШС, «Умалп» ЖШС, «Кирал Достық» ЖШС жатады. Металлургия саласында да құралақан емеспіз. «Shymkent Smelting» ЖШС-інің өнімдеріне сұраныс артқан. Баламалы күн электр станциясы саласында «Авелар Солар Технолоджи» ЖШС-ін атауға болады.

Инвестииялық жобалар сауда-саттық саласында да жақсы дамуда. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып отырған заманауи үлгідегі Мega, Мetro, Фиркан, Shymkent Plaza тағы басқа заманауи сауда, ойын-сауық кешендері сол жобалардың жемісі.

Кәсіпкерлік көкжиегі кең Шымкент индустриалды орталыққа айналып үлгерді. «Рахат-Шымкент» ЖШС (Корея) – қантты печенье өндірісі, «СП «Lux Shoes» ЖШС (Түркия) – аяқ киім табанының өндірісі, «DALSAN» ЖШС (Түркия) – ылғалды майлықтар өндірісі, «Авелар Солар Технолоджи» ЖШС (Ресей), «Химфарм» (Польша) - дәрілік препараттар өндірісін жаңғырту жобасы жүзеге асты.

Бұл орайда «бір терезе» қағидасымен қажетті қызметтер көрсететін «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» фронт-кеңсесінің жұмысы да кәсіпкерлерге көп көмегін тигізуде.

Экономист ғалымдардың сараптауы бойынша инвесторлар үшін ең маңызды мәселенің бірі – қауіпсіздік пен саяси тұрақтылық. Бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылық жоқ елдің экономикасына ешкім тәуекел етіп миллиардтаған қаржысын құймайды. Инвесторларды қолдауға арналған ашық саясат пен олардың құқықтарын қорғайтын мықты заңнамалық база бар. Соның арқасында ұлттық экономиканы көтеруге шетелден миллиардтаған доллар инвестиция тартылды.

«Егер 1991 жылдан бүгінгі кезге дейін Орта Азияға жалпы сомасы 480 млрд. доллар инвестиция құйылса, соның 380 миллиарды Қазақстанға тиесілі. Қазіргі таңда мұнай саласында Батыстың қаншама алпауыт компаниялары отандық мұнай өндіруші ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқаруда. Сол секілді құрылыс саласында Оңтүстік Корея, Түркия сияқты елдердің компаниялары өз инвестициясын әкеліп жатыр» дейді экономика ғылымдарының кандидаты Марат Сейдахметов.

«Ақылды жол» да сапалы интернет те болады
Шығындардың бір бөлігі мемлекеттің есебінен өтеледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу