Шығындардың бір бөлігі мемлекеттің есебінен өтеледі

Oinet.kz 09-09-2021 955

Screenshot_6.jpg

Қазақстанда бүгінде «2018-2022 жылдарға арналған «ҚР Ұлттық экспорттық стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қарқын алған. Бұл бағдарлама еліміздің экономикасын деверсификациялау арқылы шикізаттық емес тауарлардың экспортын 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есеге дейін өсіруді және 31,8 млрд. АҚШ долларына жеткізуді көздейді. Атқарылып жатқан шараларға қарамастан соңғы алты жылда елдегі шикізаттық емес тауарлардың экспорт көлемі бар болғаны 12,7 пайызға ғана өскен. Бұған әлемді алаңдатқан пандемия, карантиндік шаралар да өз кесірін тигізгені тағы бар. Осыны ескерген Үкімет өткен жылдан бастап отандық экспортерлерге көрсетілетін қолдауды күшейтті.

Бұл мәселені жүзеге асыру Шымкенттежақсы жолға қойылған. Жан-жақты мемлекеттік қолдаудың және жергілікті кәсіпкерлердің тынымсыз ізденісі мен алға ұмтылуының нәтижесінде жылдан жылға Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы, соның ішінде қаладан экспортталатын өнім көлемі артып келеді. Мысалы 2020 жылы кәсіпорындар 150 миллиард теңгенің шикізаттық емес тауарын экспортқа шығарды. Өнеркәсіпті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта бұл көрсеткіштердің жақсара түсуіне ықпал етері сөзсіз.

— «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларға көмек көресту бойынша келісімдерге қол қойды. Бағдарламада өңделген тауарларды шығарумен айналысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қарастырылған. Жарнамалық өнім, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелер мен фестивальдарға қатысуға, сондай-ақ жарнамалық каталогтарды әзірлеуге және

таратуға байланысты шығындар өтелуде. Сонымен қатар тауарды шетелдік нарыққа жеткізуге кететін транспорттық шығындардың, шетелдердегі өкілдікті, сауда нүктесін немесе қойманы ұстауға, тауар белгілерін тіркеу мен өнімді сертификаттау жөніндегі рәсімдерді жүргізуге арналған шығындардың бір бөлігі мемлекеттің есебінен өтеледі. Кәсіпкерлердің өтінімдерін жұмыс тобы мен ведомствоаралық комиссия қарайды, соның негізінде кәсіпкермен қаражат аудару туралы келісім жасалады. Мұнан бөлек «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Қазақстанның сыртқы сауда палатасының еншілес ұйымы жұмыс істейді. Оның міндеті – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау, – дейді Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

Бүгінде Шымкентте белсенді жұмыс істейтін экспортер-кәсіпорындар қатарында «Ferrum-Vtor», «Шымкент темір» «Pioneer Grain Produkt», «Grain House-555», «Turan Skin», «Қайнар» және «Каз Мед Пром» жауапкершілігі секілді ірі әрі табысты компаниялар бар.

Инвестор үшін ең маңызды – қауіпсіздік пен саяси тұрақтылық
Жыл басынан бері 17 мыңнан астам адам жұмысқа тұрды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу