Жыл басынан бері 17 мыңнан астам адам жұмысқа тұрды

Oinet.kz 09-09-2021 971

Screenshot_7.jpg

Тұрғындардың тұрмысын түзеу, әлеуметтік мәселесін жақсарту мақсатында Шымкентте жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл жұмыспен қамту шараларына 21 942 адамды қатыстыру жоспарланды. Ал бүгінгі күнге дейінгі сегіз айлық көрсеткіш бойынша нақты 17 129 адам жұмысқа тұрғаны белгілі болып отыр.

2021 жылдың 8 айында бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 2500 адам жіберілсе, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2101 адам кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолдама алған. 52 адамға шағын несие, ал 584 адамға мемлекеттік грант берілді. Сонымен бірге, 5827 адам бос жұмыс орындарына, 299 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1176 адам жастар практикасына, 2837 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға және 86 жас алғашқы жұмыс орнына орналасты.

Олай болса, жұмыссыз жүрген азаматтардың жұмыспен қамту бағдарламасы сияқты мемлекет қолдау білдіріп отырған аталмыш шараларға қатысып, жұмыс табуына мол мүмкіндіктері бар. Ол үшін тұрғылықты мекенжай бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуіне болады:

Абай ауданы бойынша:

Жиделі байсын көшесі, 92 («Бекжан» базары, «Бекжан» сауда орталығы, 1 қабат).

Әл-Фараби ауданы бойынша:

А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы, А.Байтұрсынов көшесі, 201.

Еңбекші ауданы бойынша:

«Күншығыс» ш/а, Жолан батыр көшесі 115/2.

Қаратау ауданы бойынша:

«Нұрсәт» ш/а, С.Бәйтереков, 89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды

Шығындардың бір бөлігі мемлекеттің есебінен өтеледі
Үздік отбасы марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу