«Ақылды жол» да сапалы интернет те болады
Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте жолаушыларға арналған кең жолақты жол өткелдері көбейе түспек. Бұл орайда қалалық ифрландыру басқармасы алдымен пилоттық жоба ретінде бірнеше өткелді қайта құрған болатын. «Ақылды жаяу жүргінші» жобасы деп аталатын бұл тың жоба тұрғындарға ұнады.
Бұл дегеніміз автомобиль жолын кесіп өтетін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта жаяу жүргіншілер өткеліне ақылды жарықтандыру орнату. Пилоттық жоба ретінде алдымен қаланың 3 жерінде пайда болған бұл жолдың тиімділігін де байқап көріп отырмыз.
Атап айтқанда «NurComTel» және «Астана Смэу» компаниялармен бірлесіп Темірлан тас жолы бойына, ал IDC компаниясымен Жангельдин көшесінде орнаттылған. Жолаушы өткенде жарығы жанып ұратын жолдың көлік жүргізушісіне де тиімді екені анық.
–Тағы бір жүзеге асып отырған тың жобамыз қоғамдық көліктерді диспетчерлеу. Яғни, қоғамдық көлік қозғалысының уақытын хабарлайтын арнайы i-Kolik қосымшасы әзірленді. Сәуір айынан бастап іске қосылған бұл жобаны тұрғындар ұдайы пайдаланып жүр. Playmarket және Apple Store жүйелеріне енгізіліп, смартфондарға бастыруға мүмкіндік алғандар аялдамаларды сол қосымша арқылы алдын ала біліп отырады. Өзіне қажетті автобустың қайшан келетінінен де мәлімет алып отырады, - дейді Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов.
Бұл Шымкент үшін «Ақылды қалалар» рейтингісіндегі позицияның өсуіне мүмкіндік береді.
Жалпы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бес бағыты анықталған. Алайда оны жүзеге асыруда тұрғындардың ең алдымен сапалы интернетпен қамтылуы басты мәселе. Мұны да аталмыш басқарма мамандары шешу жолында янып қалмауда.
–Шымкент қаласында интернет жылдамдығын арттыру, сапасын жақсарту мәселесінде қала әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен бірқатар нақты шаралар жүзеге асуда. Қаланы сапалы интернетпен қамту 3 кезеңге бөліңген. 1, 2 кезеңдегі жұмыстар толық аяқталды. Жер қарастырылып орналасу аумақтары мобильді байланыс операторларымен келісілді.
Атап айтқанда, Ынтымақ-2 (Тұрлан) шағынауданына АМС орнатылды. Тассай, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Р-32 трассасы (Сиқым), Құрсай шағынауданында жер қазу және бетон қазу жұмыстар атқарылды, - дейді Әсет Әбдіраханов.
Осылайша, Самал-3, Асар, 226 Орам, Забадам (РЭС), Абдулабад, Достық тұрғын алаптарында да базалық станциялар коммерциялық нысандарында орнатылатындығы белгіленді.
Бұдан бөлек, 3-кезең үшін талшықты-оптикалық желі тарту мақстында қала аумағындағы 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптика тарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстардың барлығы жеке инвесторлар есебінен жүргізілуде.
«Самғау-Телком» тарапынан қала аумағындағы 17 елді мекенге оптика желісін жүргізу көзделген. Оның ішінде Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 2 көшеге (200 үйге) кабель жүргізіп, тұрғындардан қосымша өтінімдер қабылдауда.
«I-LinkNet» тарапынан 13 елді мекенге оптика желісін жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда Доcтық-2 және Ақжайық шағынауданындағы кабель жүргізу жұмыстары басталып, тұрғындардан интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер қабылдануда.
Биыл базалық станциялардың санын ұлғайту және байланыс сапасына толық талдау жүргізу мақсатында «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне хат жолданды. Соның нәтижесінде мобильді байланыс операторлары, Шымкент қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы және цифрландыру басқармасымен бірлесе қала аумағындағы 45 елді мекен мен шағынауданға арнайы құрылғылармен байланыс сапасын тексеру жұмыстары жүргізілуде.