Құрбым күйеуім екеуміздің арамызға түскен қара құрт сияқты

Oinet.kz 05-08-2024 676

Атым құпия болып қала берсін. Алматы облысы, Шелек ауданының қызымын. Алматы қаласында тұрамын.

Screenshot_12.jpg

Ақ көңілдігімнен өмір бақи соққы жеп келемін. Ата мен əженің қолында өскен қыз едім. Бойыма сіңген тəрбием болар, адамдардан  жамандық көрмей, ылғи жақсы қасиет іздеп тұрамын. Аядай ғана ауыл болған соң өзіммен тел өскен барлық көрші-қолаңның қыздарымен жақсы араластым. Белгілі оқу орнында білім алдым. Мамандығым - эколог.  Сол оқу орнында Сарыөзектен бір қыз оқыды.  Бір бөлмеде тұрдық, бір  нанды тең бөліп жедік. Талай рет басына қиындық туған шағында демедім.

Бір нанды  бөліп беретін жомарттығымды кей пасық адамдар өз ыңғайына пайдаланып кетеді. Сол құрбыммен жақын уақытта қарым-қатынасымыз мүлдем басқа бағытта өрбіді. Мен тұрмысқа шыққалы алты жылдан асты. Əлі күнге арамыз да сəби жоқ. Ал құрбым, келіп-кетіп жүріп, жолдасымды өз ыңғайына көндіріп алған сияқты.

Бір күні түнерге жерім жоқ деп сылтауратып келіп, кетпей қойды. Жолдасым - Арман алғашында жақтырмағанымен менің өтінішімнен оны үйге қалдырдық. Бір түнеп кетемін дегені бос сөз болып шықты. Міне, алты жарым ай болды. Қанша кет деп айттым. «Кет» десем, енді күйеуім соның сөзін сөйлейтінді шығарды.

Соңғы уақытта, күйеуім мен құрбымның арасында жақын қарым-қатынас бар сияқты сезінемін. Күйеуімді көрсе қылмыңдап, мен емес ол келіншегі сияқты жұмыстан келсе алдынан күліп шығып, бәйек бола қалады. Бірде массаж жасап отырғынын көрдім, тағы бір де аяғын уқалап отырады.

Құрбымның маған бұрынғыдай үйдің иесі емес, құлы сияқты қарайтынын аңғардым. Үйде ештеңе жасамайды. Ұйықтайды да жатады. Ал күйеуім жұмыстан келген кезде, бар тірлікті өзі тындырып тастағандай кейіпке еніп, тамағың дайын, жуынып келе ғой деп қолына орамал ұстатып тұрады.

Құрбыммен ашық сөйлескім келген сайын Арман маған ұрысады. Атам қазақ тегін айтпаған екен-ау «Еркекті жолдан шығарар, əйелдің сұмы залымы. Даудан дауды тудырар, қоғамның ойсыз азғыны» дегенді.

Шаршадым... Үйден кетіп қаламын ба не істеймін? Баламыз болмағаны да жаныма батып жүр. Ал құрбымның ойламаған жерден аяғы ауырлап қалса ше? Ол кезде шынымен мен артық адам болатын шығармын...

el24

Ол жігіт әкемнен құран үйренуге келген еді...
Барлық бәле - енеден. Енем төрт жылда тілімді шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу