Ол жігіт әкемнен құран үйренуге келген еді...

Oinet.kz 05-09-2024 1209

Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына 6 жасында үйіне әкесінен құран үйренуге келген жігіттің зорлағаны туралы айтып хат жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.jpg

Заңгердің өзі: "Осы оқиғаны естіп біраз уақыт шокта жүрдім. Бұл хаттың авторының әкесі өз ауданынды мықты ұстаз имам болған екен", - дейді. 

"Әкем мықты ұстаз, имам болды. Әлі күнге дейін әкем тірі болмаса да, бүкіл елден келіп, еске алады әкемнің шәкірттері. Әкемнің шәкірттері басқа елдерден де болған, өте сыйлы ұстаз болды бос уақытында құран үйрететін. 

Сол жылы мен 6 жасар едім... Үйімізге 18 жасар жігіт "Ұстаз, сізден құран үйрену үшін келдім ауылдан" деген. Әкем аңқылдаған адам еді. Біздің үйге 3 айға тұрғызды. Сол үш айда анам екеуі сапарға шығып, балаларды сол жігітке табыстап кетті. Ағаларым сабақта, мен кішкентай жалғыз күндіз сонымен қалдым.. Әкемдер сапардан келгенше ол жігіт мені аямай зорлады. Әкеңе айтсаң бәрін өлтіріп кетемін деді. 3 айдан соң бізден кетіп сол жігіттің өзіне қол жұмсағанын естідік.

Сол бойы мен ата-анама айта алмадым. Міне 38 жыл өтті. Өмірім астан-кестен әлі күнге дейін ұмыта алмай өмір сүріп жатырмын", - деп жазған хат иесі. 

Сап-сау әкемді мен өлтірдім бе? Нағашы әжем солай дейді
Құрбым күйеуім екеуміздің арамызға түскен қара құрт сияқты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу