Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгілі заңгер, психолог Ләззат Рақышеваға кішкентай кезінде қорлық көрген келіншек хат жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Айтуынша ол зорлық көрген жалғыз адаммын деп ойлаған. Алайда заңгердің парақшасына көз жүгіртіп отырып, өзі сияқты мыңдаған жәбірленушілердің барына көзі жеткен.
"Мені әке-шешем басқа отбасыға берген он айлық кезімде. Ол отбасынан жамандық көрдім деп айта алмаймын. Асырап алған әкемнің бірінші әйелі мені баққан, шамамен 1-2 жыл. Содан соң олар ажырасып кеткен. Кейін менің 4 жасымда әкем (мені асырап алған) басқа адаммен бас қосты. Ол мамам - менің үшінші анам болды уже. Мамама еріп келген қызы болды, жасы меннен үлкен. Күндердің күнінде сол қыз маған күн бермей бастады "сен біздің үйдің қызы емессің, өз әке-шешеңе кет", - деп айтатын
Мен сабақты үздік оқушы болдым, ұстаздар мені ерекше жақсы көретін. Бір жағынан соны көре алмаған болуы керек, совсем күн бермеді, отырсам опақ, тұрсам сопақ болдым. Жұрттың бәріне мені жамандап маған қарсы қойды. Қазір де солай. Қазір тіпті араласпай кеттім, мен шаршадым одан. Ол қыз өте жеңілтек болды.
Осы күні ойлаймын - сол алдымдағы апам сондай болған соң мені де сондай деп ойлады ма білмеймңн. Әйтеуір бір жігіт мені зорлап кетті. Жан баласына айта алмадым бұны. Бұрыннан тұйық едім, одан сайын тұйық болдым содан. Әлі күнге дейін риясыз рахаттанып бір күле алмаймын, ішімдегі мұң жібермейді. Ол жігіттің зорлап кеткенімен қоймай бүкіл жігіттерге мақтанып айтқанын кейін түсіндім. Маған қаптап жігіттер келе бастады, и интим предлагать ететін болды. Отказ беріп қашып кетіп жүрдім әр түрлі сылтау айтып.
Сүйтіп жүргенде бір үлкендеу жігіт (дұрыс семьяның баласы болатын) кездесуге шақырып мені, содан маған тимейді ғой деп шықтым. Сүйтсем толпаға салып жіберді! Неше еркек екені есімде жоқ қараңғы жерде бірінен соң бірі білгенін істеді айуандар! Қараңғы жерде беттерін көре алмадым. Осылай алдап апарып толпаға түсудің төрт бесеуін көрдім мен сорлы. Осы күні өз өзімнен жиіркенем. Өле қалғым келеді, бірақ үш балам бар. Бірінші жолдасым қыз емессің деп ажырасқанға дейін мені ұрып күн бермеді. Одан екі балалы болдым. Одан кейін екінші жолдасыма шықтым, одан қорлық көрмедім ешқандай. Иманды болсын, о дүниелік болып кетті. Мына өмірде мен көрмеген қорлық жоқ шығар. Білмеймін енді бар да шығар. Менің бір көзімнің жеткені - көп еркектер азғын екен!
Осы басымнан өткен ауыр оқиғаларды дым ұмыта алмаймын. Өте қиын! Миымнан кетпейді. Жасым 47-ге таяп қалды, осы жасыма дейін осы травмаларды арқалап жүрмін. Маған психологиялық көмек керек сияқты. Ақыл тоқтататын жасқа келдім, бірақ… Шат-шадыман ойнап күліп өмір сүру деген менде жоқ, сол зорланған түнмен бірге келмеске кеткен ондайлар.