Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен жезөкшемін. Мойындау, айту қаншалықты қиын болса да, бәрібір ағымнан жарылмақпын. Мына өмір шаршатып жіберді. Қазір жаспын. Сұлумын. Бірақ ертең жасым өткенде ешкімге керек болмай қалатынымды, бұл өмірім өмір емес екенін білемін. Мен де тұрмысқа шығып, бала сүйгім келеді.
Бірақ... мен сияқты жанды кім алады дейсің. Одан қала берді, жұмыс істеп біреуге тәуелді болғым келмейді. Еркектің кірін жуып, үйде отырғым да жоқ. Күндік табысым жаман емес. Шақыртумен барамын. Немесе қалталы азаматтар өздері келіп алып кетеді. Еркектердің көңілінен шығудың неше түрлі әдіс-айласын қолданып, есін тандырамын. Сонда да қорлап, боғауыз айтып ақша төлегесін білгенін жасайтындар бар. Қайтесің шыдайсың. Бір күні шақырған жерге барып қалсам, ағам отыр екі жігітпен. Қасындағы жігіттерді бұрын да білуші едім. Ағамды көрген кезде есіктен не шығып кетерімді, не кірерімді білмей қатты састым. Ол да жалт қарап, түрі өзгеріп кетті. Аяқ асты қандай шешім қабылдарымды білмей састым. Оған да оңай болмағанын сездім.
Жігіттер қазір келем дедім де, есіктен атып шықтым. Өне бойымды ток соғып өткендей болды. Бірінші рет осы жолы мына жүрген жүрісіме ызам келді. Амалсыздан барған тірлігіме енді жоламаспын деп жол бойы жылап келем. Артымнан дымды түсінбеген әлгі таныс жігіттің бірі айқайлап қала берді.
Бұл жолға түсуге себеп болған жақын құрбым. Россияда жақсы табыс тауып жүрмін, демалысқа келдім, бірге барсаң алып кетейін дегесін мен де еріп, өзім білмейтін үлкен қалаға аттанып кете бардым.
Барған бойда жұмысқа кіріп, жақсы табыс табасың деп әбден сендіріп қойған. Ойыма күдік келмеді. Сөйтсем қайдағы, ол қыз қыздарды апарып жезөкшелікке жалдайды екен. Барған соң қолымыздан документімді алып қойды да, жұмысқа жекті. Қашып кетудің амалы жоқ. Күніне 5-6 еркекті қанағаттандырасың. Ұйықтауға, демалуға уақыт та жоқ. Тіпті кейде одан да көп қабылдауға тура келеді. Сөйтіп жүргенде қазақстандық бір азаматты жолықтырдым. Оған бар сырымды айтып, мына жерден алып кетуін өтіндім. Сөйтіп қолымда документім жоқ, елге сол азаматтың көмегімен қашып келдім. Жолдағы көрген қиындықтарымды айтпай-ақ қояйын. Мұнда келген соң да күн көру керек. Ата-анама баратын бет жоқ. Сосын амалсыз бәрібір осы жолды таңдадым. Енді... міне ағаммен кездесіп өмірге лағнет айтып келемін. Бұл жолдан қайтқым келеді. Бірақ... былғанған арым, жараланған көңілім қалпына келе ме? Біреудің отбасын түтетіп адал жар бола аламын ба? Не істеймін айтыңдаршы?
Гүлбану