Балдызымның қылығы баурап барады...

Oinet.kz 20-07-2024 3190

Өмір деген өзі қызық. Алдыңнан не тосып тұрғанын біліп болмайсың. Бойдақ кезде екі-үш қызбен қатар жүріп, сайран сала беруші едік. Бірақ үйленгеннен кейін, өмірлік жарды тауып, бірге бас қосқан соң, бұрынғы «бойдақтықтың» бәрін тастап, жаңа өмірді тек жарыма ғана арнаймын деп шешіп едім. Алайда... Балдызымның менімен, яғни, жездесімен тым шектен шығып әзілдесуі – менің ойымды бұзып барады. Енді осы бір бастан кешкен оқиғамды «Алаш айнасының» «Отбасы – ошақ қасы» айдарына жазып, көпшіліктің ақыл-кеңесін алғым келді.

Screenshot_7.jpg

Менің үйленгеніме екі жыл болды. Бір балам бар. Шүкір, біреуден кейін, біреуден ілгері өмір сүріп келеміз. Жұмысым да, табысым да жаман емес. Өзімізге жетеді.

Ал алған жарымның өзінен екі жас кіші сіңлісі бар. Екеуі тете өскендіктен бе, бастары піспейді. Үнемі ренжісіп қалады. Бір-бірімен әбден күндес болып алған секілді. Оның үстіне балдызым менімен тым қатты әзілдеседі. Алғашында оған онша мән бермейтінмін, кейін ойланып қарасам, ойынымыздан от шығып бара жатқан секілді.

Балдызым өте сүйкімді. Қылығы да әпкесіне ұқсамайды. Оның үстіне менен сырын жасырмайды. Екеуміз жақсы әңгімелесеміз. Кейде айтқанымды істемей қойса, қысып құшақтап алып бетінен сүйемін, қинаймын, ойнаймын. «Сен қыз қашан байға кетесің» деп, құйрығынан бір ұрып, мойнынан сүйіп аламын. Ол менің осы жаман әдетімді жақсы көре ме, әйтеуір, құшақтаған сайын одан әрмен әзілдесіп кетеді. Құдды мені құшақтаса екен деп тұратын секілді. Бір күні менің 28-ге толған туған күнімде екеуміз азық-түлік алу үшін базарға бардық. Көліктің ішінде отырғанда «Жезде туған күніңмен» деп ернімнен сүйіп алды. Мен мән бермегендей болып оның артын әзілге айналдырып жібердім. Алайда сол қылығы ойымнан кетпей қойды. Тіпті кешкісін оған тілек айтуға сөз берілгенде, ішімдікке масайған балдызым: «Жезде, мен сені қатты жақсы көремін. Сендей жігітпен танысқаныма қуаныштымын. Тіпті сені әпкемнен де қызғанамын» деді. Сол күні отырыс бітіп, қонақтардың бәрі үйіне тарасқанда, әйелім көлікпен дос қыздарын үйіне шығарып салуға кетті. Ал балдызым үйді жинастыруға көмектесетінін, осында қонатынын айтты. Үйде екеуміз ғана қалдық. Ол ыдыс-табақтарды жинап жүр. Мен де масаңмын. Әлгі көліктің ішінде ернімнен сүйген қылығы есімнен кетпей қойды. Бір кезде диван үстінде жатсам, қасыма келіп шашымнан сипалап, құлағымнан иіскей бастады. Мен де мас болғандықтан, өз-өзімді ұстай алмай, ернінен сүйіп, құшақтап, аймалай бастадым. Екеуміз арыға барған жоқпыз. Ол да тым шектен шығып бара жатқанын түсінді ме, бірден бетін бұрып, ұялып бөлмеден шығып кетті. Мен де үнсіз қалып, өз бөлмеме кіріп жатып қалдым. Сосын әпкесі келіп, екеуі таң атқанша үй жинады. Ертесіне балдызым таңғы шәйін ішпестен үйіне кетіп қалды.

Осыдан бастап менің балдызыма деген көзқарасым өзгеріп кетті. Оны балдызым емес, жүретін қызым секілді көретін болдым. Оған деген махаббатым оянғандай күй кештім. Ол менімен кездескенде ұялады. Бірақ оңаша кездесе алмай-ақ қойдық. Оның үстіне өзім де әйеліме не бетімді айтамын, оның жүрегін жараламайын деп кейде қашқақтаймын. Ол басқа-басқа емес, туған сіңлісімен аймаласқанымды білсе, мені өмір бойы кешіре алмас. Баламның әкесіз өскенін қаламаймын. Бірақ балдызыма деген сезімім күн өткен сайын артып бара жатқан секілді. Қанша ұмытуға тырыссам да есімнен кетпейді. Не істерімді білмей әбден басым қатты. Балдызыммен ашық сөйлесіп, не опақ, не сопақ болайық деп, ашық айтқым келеді.

Мен мұны не үшін жазып отырғанымды да білмеймін. Тек әйтеуір басымнан өткен осы бір жағдайды ешкімге айта алмаған соң, ішкі сырымды хатқа түсіріп отырмын. Балдызымнен сөйлескен күннің өзінде мұны көпшілікке қалай түсіндіреміз? Олар бізді қалай қабылдайды? Жалпы мұндай жағдайда не істеу керек? Менің басымдағы жағдай басқа біреулерде кездесе ме екен? Бәлкім, мені түсінетін, өз ойын, ақыл-кеңесін білдіргісі келетін жандар табылып қалатын шығар... Ақыл-кеңес қосыңыздаршы...

Тәуетаев Бауыржан,

Алаш айнасы

Жеңгем анама қол көтерді
​«Ұл туып бер» деп қыз босана беретін келіншегін өлтіріп тынды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу