Қатынмінезді күйеуімнің баласын туғым келмейді

Oinet.kz 01-07-2024 2739

Отандық белсенді, құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына бесінші баласына жүкті келіншек хат жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

"Не істерімді білмеймін. Бүгін аяғым ауыр екенін білдім. Негізі гормональный сбой болатын, етек кірім задержкамен келетін, сосын сол жақ трубкада спайка деген. Полип, эндометрит бар. Төрт балам бар екі ұл, екі қыз, екінші ұлым аутизм диагнозы бар, сөйлемейді, көп нәрсені ұқпайды.Бірақ іштен шыққан бала ғой, әкесі де мен де өмірден артық көреміз. Қазыр жасы 9 келіп қалды. Одан кейін өзім қатты қыз туғым келген, қорқып тудым, қызым Аллаға шүкір дені сау, ақылды. Қазыр 4 келеді. Енді тағы аяғым ауыр. Жасым 39, соңғы жылдары күйеуімді жек көріп кеттім, бұрыннан мінезі нашар, ұсақшыл, бір қатын сымақ мінезі бар. Амал жоқтан ғана тұрдым балалар үшін. Жыныстық қатынастада әрең өзімді қинап боламын, тек сөйлеп сасымаса екен деп. Оның үстіне енем бар , 82 жасы. Өз өзіне неше түрлі диагноз қоя береді, ауыра береді, ауырсын мейлі үлкен кісі ғой, бірақ ауырғанда маманы алып жейді, бүкіл уйге ойбайлайды, ешкім келмесе үйді басына көтереді. Мен қараймын сол кісіге. Осының бәріне қарап 5 бала туу дұрыс па?! Спираль жақпай қойды, қанап, дәріден қатты толып кеттім, сосын спайкадан көтере қоймаймын деп жүргем, өйткені оң трубада киста бар деген. Басым қатып отырмын!"

Ағам пәктігімді ала алмады
Көршімнің күйеуінен қорқып, үйден көшіп кетуіме тура келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу