Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Отандық белсенді, құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына, туған ағасы тиіспек болған бойжеткен хат жазған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Хат иесінің айтуынша ағасы бір емес, екі рет тиісуге талпынған.
"Көп қыздардың басынан өткен шығар менің оқиғам. Ағамнан қорлық көру. Шамамен 6-7сынып оқушысымын. Ағам екеуіміз бірге ұйықтайтынбыз. Бір күні ағам көшеден келді мен ол кезде ұйықтап кеткен кезім еді. Бір кезде денеме тиген қолдарды сездім. Қатты қорықтым. Ағам киімімді шешпекші болып жатыр екен. Менде ұйқылы ояу жатып ештене түсінбедім. Бірден орнымнан тұрып су ішуге кеттім. Содан ағамның ұйықтап кеткенін күттім. Мен оянғанда ол түк білмегендей өтірік ұйықтап жатты. Содан қатты жыладым. Таң атсын мама мен папаға айтам деп үнсіз жылап жаттым.Бірақ таң атқанда ештене де айта алмадым қорықтым . Содан ол жағдай екінші рет қайталанды. Ол кездеде киімімді шешкісі келді. Бірақ мен тағыда оянып кеттім. Ол әдетінше өтірік ұйықтады. Бұл жолыда ешкімге айта алмадым. Қазір ағам қасыма жақындаса қорқамын. Одан қашқақтауға тырысқанмен ол маған жақындайды. Кей кезде құшақьағысы келіп құшақтағанда қашып кеткім келеді сол оқиғалар есіме түседі. Аллаға шүкір пәктігімді ала алмады. Бірақ болашақта мен қалай ер адамдарға сенемін? Ағамның өзі осылай жасаса",- деп жазды ол.