Мені нағашыларымның үйіне жіберген анамды жек көремін

Oinet.kz 27-03-2024 1645

Жасым шамамен 7-8 шамасында бөле ағамнан қорлық көрдім. Ол кездері қиын кездер еді. Мамам мен папам айырылысып жатты. Мені мамам алып нағашы әжем яғни өз мамасының қолына берді. Содан менің мамамның туған сіңілісінің ұлы жасы шамамен 13-те мені алдап 100 теңге беретін, балмуздак алып беретін. Солай-солай арам ойын іске асыратын. 

Screenshot_4.jpg

Ол мүлде басқа үйде тұратын, бірақ көп келетін нағашы әжемнің үйіне. Түнде әжемнің қасында ұйықтап жатқан кезде қасыма келіп жатып алатын. Аяғымен менің астыңғы жағыма тиісетін. Мен ол кезде оның не екенінде білмейтін едім. Содан бері оны өте қатты жек көремін. Сол жасаған әрекетінен мықты тұйықталып кеттім. 10 жасымда анамнан айрылдым. Одан кейін тиіспеді. Бірақ мен 7-8 жасар кезде білгенін ойына келгенін жасап жүрді. Кинодағы көргендерін жасайтын мен не екенінде білмеймін ғой оның. Өсе келе бәрін түсіндім. Қәзір нағашыларыммен ара-қатынасым дұрыс емес. Сол аға-сымаққа бола тумаларымның бәрін жек көріп кеттім.

Қәзір нағашыларым тумаларым соны өбектеп отырады Бар жағдайын жасап жақсы көріп. Қайдан білсін оның сондай оңбаған жексұрын адам екенін. Бәрін тумаларға айта салғым келеді. Бірақ ел бар, жұрт бар қорқамын!

Бірақ бір Алладан тілеймін оның жолы болмағанын, қашанда өліп қалса екен деп отырамын. Сондай туыс-сымақтардың кесірінен қаншама қыз қиналып жүр, соның жасаған іс-әрекеті ылғи ойымда жүреді. Ол ойлайды-ау деймін, мен ұмытып кетті деп.

Содан кейін еркек атаулыны жек көремін. Нағашыларыммен тұрғанша детдомда тұрганым жақсыма деп ойлаймын. Ол адамды көрген сайын жүйкем басыма көтеріледі. Мамамды жек көрем мені сондай балалық шағымды құртқаны үшін!

Әкемді жек көремін кіттайымда тастап кеткені үшін! Мені кішкентайымда зорлаған бөлемді сотқа берсем, ол мойындаса педофил ретінде түрмеге кетуі мүмкін бе?

Ләззат Ракишеваға келген хаттардан

Күйеуге тиген қызды «бағы ашылды» десек, некесіз бала туған әйелге не дейміз?
Енем келін деген жау деп жиі айтады. Менен бөлек тамақтанады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу