Мейрамда күйеуімнен сыйлық сұрап едім, көкала қойдай қылып ұрып тастады

Oinet.kz 18-03-2024 6215

Тұрмысқа шыққаныма биыл екі жыл болды.  Екінші балама аяғым ауыр. Күйеуім мені мүлдем сыйламайды. Оған бірдеңе десең бірден ұрып, теуіп, былапыт сөздермен балағаттайды.

Screenshot_4.jpg

Бойдақ достарымен күнде қыдырады. Үйге таң атқанда бірақ келеді, қызқұмар. Маған ешқашан сыйлық сыйлап көрмеген. Бүгін мейрамда ойымдағыны айтып едім, оңдырмады.

Тіпті туған күнімді де, елеп-ескермейді. Телефонымды да сындырып тастады. Анам таққан алтындардың барлығын ломбардқа өткізіп жіберді. Айта берсем ондай жағдайлар өте көп…

Үйде үш келінбіз, екі абысынымның да күйеулері  сыйлық жасап, әйелдеріне құрмет көрсетті. Біреуі қырық мыңға, біреуі он бес мыңға көйлек әперді.  Соның барлығын ішіме сыймай күйеуіме айтсам «Сен ондайға лайықты емессің, орныңды біл. Бұл мерекені тойлау дұрыс емес. Неге түсінбейсің»,-деді.  Сонда ол сөзді қалай түсінсем болады? Менің сонда ешқандай қадірімнің болмағаны ма?

Маған  қымбат нәрсе керек емес, жай «көшеге шығып жүріп қайтайық, үйдің таусылмайтын тірлігінен шаршадым» десем оны да орындамады. Ішімдегіні айтып жеңілдегім келген, ол адамға керегім жоқ болса неге онымен бірге қалған өмірімді өткізуім керек? Абысындарыма жағдайды айтсам олар өзімді сондай қарым-қатынасқа кінәлі етіп отыр. Ал анам мен бауырларыма айтып, оларды сондай бақытсызбын деп алаңдатқым келмейді. Ажырасып кетейін десем екі бала жетім өседі. Тұрмысқа шықсам өз әкесі бермеген жылуды басқа қайдан берсін деген қорқыныш бар. Одан қалды, өгей әкеден қорлық көргендер туралы күнде естиміз. Шақшадай басым, шарадай болды… Ақыл кеңестеріңізбен бөліссеңіздерші. Сіздер мені танымайтын болғандықтан ақтарылып бәрін жаздым.

KYN.kz

Келінім баласына қарамай тастап кетіп қалды
Күйеуімнің көңілдесі еркек болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу