Енем жүкті кезімде де жер-жебіріме жетіп болды

Oinet.kz 06-02-2024 2184

Сәлем, қыз-келіншектер! Біреуге ішімдегіні айтып ақтармасам, өлетін түрім бар. Тұрмысқа шыққаныма 2 жыл болды. Бүгінде аяғым ауыр. Токсикозбен қатты қиналып жүрмін. Қыз кезімде 60 келіден асатын едім. Қазір 52 келі болып қалдым. Енем жығылған үсітне жұдырық болып жүр.

Screenshot_14.jpg

Жиі басым айналып, құсып, жағдайым болмай кеткені енеме жақпай жүр. Перделерді алып жатып, лоқсып құсқым келгесін сыртқа жүгіріп кеткенмін өткенде. Енем: "Мұның ауруы тірлік істейтін кезде шығады, жатыпішер жалқау. Қатын болып жарытпайсың сен. Мені бүйтіп алдай алмайсың. Балама тастап, басқа қатын ал десем бір-ақ күнде тастап кетеді. Мінезіңді көрсетпе. Ит те туа алады баланы. Басқа қатын алып берем. Кетем десең есік әне",- деп аузына келгенін айтты.

Мен не істерімді білмеймін. Күйеуім анасына бірауыз қарсы сөз айтпайды. Жалғыз ұл ғой... "Замужества - меня губила". Жылай беріп шаршадым. Жас та қалмады. Кетейін десем, күйеуімді сүйем, кетпейін десем, енем аузынан от шашқан айдарһарға ұқсап тиыштық бермейді. Қайткенім жөн болады? 

Анамды жұмысқа қабылдағанын міндетсінген жігіт маған тиісуін қояр емес
Туған сіңлім ішкілікке салынып кетті, ішіп қана қойса жақсы ғой...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу