Анамды жұмысқа қабылдағанын міндетсінген жігіт маған тиісуін қояр емес

Oinet.kz 06-02-2024 4852

Жасым 14 те. Осыдан үш жыл бұрын анам əкемнің жағымсыз қылығы үшін ажырсып кеткен. Ішімдікке салынғаның себебінен. Осы үш жылдың ішінде анам еңбектен қолы босамай істемеген жұмысы қалмады. Кейбір жерлер айлық жалақасын уақытында бермегесін жұмыс орынын ауыстыруға тура келді. Анамның жалғыз қызымын. Анамның жасы 40 тан енді асқан.

Screenshot_13.jpg

Осыдан бір жыл бұрын анам екеуміз жағдайымыз жоқтығынан, анамның сіңілсінің үйінде тұрғанбыз. Əрине ол да қолынан келгенін жасады. Бірақ жездем соңғы уақыттарда қабағын тұйып жақтырмайтын. Екі бөлмелі үйде сығылысып тұрдық. Анамның сіңілісінде үш ұлы болатын, солармен кей кездері сыйыспай қалатынмын. Анам сол үшінде бөлек шығуды жөн көрді. 

Содан сыныптас бай құрбым маған жаны ашып, әкесінің ағасына біздің отбасы туралы айтты. Олар анамды фермаға жұмысқа алды. Анамның жұмысы қолайлы болғанын аңғарған мен алаң болмадым. Күнделікті мектептен келісімен менде анама көмектесетінмін. Олар уақытша тұруға берген шағын ғана үй қала шетінде орналасқан, айналасы толған жеміс жидек егіншілік бау бақша. Анам соған қарап теріп жинайтын. Ал жердің егесі болса университет бітірген жас бала еді. Арасында көлікпен келіп кетіп керек жарағымызды əкеліп кететін. 

Соңғы кезде бастығымыз жас бала маған тиісіп қырындауын əдетке айалдырды. Анам ол жігітке толық сеніп бір жағынан жұмыстанда айырылғысы келмей оған қарсылық танытпайтын. Бір күні анау жігіт біздің бастығымыз мені анамнан сұрап алып көмектесуін өтінді. Амал жоқ бардым. Барлығы сол кезде басталды. Мені көмекшісі ретінде анда-мында апарып жүрді. Бірақ қолымен ештеңе аңғармағандай менім кейбір жерімді ұстайтын. Əйтеуір анам екеуміз үшін қоныстанатын үй мен азық түлік тегін болғасын мен анам үшін үндемейтінмін. Жəне одан тыс анама ай сайынғы жалақы төлейді. 

Ол жігіт маған тиісуін қоймайтын. Жасың 18 ге келгесін сен маған тұрмысқа шығасын деп. Анам үйдің ішінде тірліктермен жүргенде, ол жігіт келсе болды маған тиіспей қоймай кетпейтін. Бір күні ол жігіт кешкісін əдейі келіп үйдің алдын тексергендей болып жүріп алды. Үйдің ішіне кірсемде болатын еді маған, бірақ сол күні кешкісін ауа райы жылы болғасын үйдің алдында жүрдім. Бір кезде үйдің артқы жағына оңаша шақырып алды. Анам шаршап ерте ұйықтап қалған еді. Соны пайдаланып менің қолымнан ұстап денемді аймалай бастады. 

Сол кезде ең сорақысы басталды. Ол өзін өзі ұстай алмай мені арсыздыққа көндіргісі келген еді. Мен əлі қызбын деп одан қаштым. Оған жақындамауға тырыссамда анам арқылы көндірдіп мені өзімен бірге алып кететін. Айына екі үш рет келіп өз арсыздығын жасауға тырысып жүрді. Онымен арпалысып шаршадым. Өзімді кінəлі сезінемін жəне менде басқа барар жол жоқ. Не істерімді білмей жүрмін.

Жарқанаттың хатынан

Мені жабылып зорлаған тоғыз жігіттің бәрін пышақтап өлтірдім
Енем жүкті кезімде де жер-жебіріме жетіп болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу