Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бұл өмірде ең үлкен қателіктер жасағанымды мойындаймын. Туа біткен жаратылысым көп еркектердің көз назарына түсетіндей.
Мектеп оқып жүрген кезімде, бір жігіт мені алдап кеткен. Содан бала көтеріп қойып алдыртуға тура келді. Əке шешемде маған көңіл бөлмейтін, соның салдарынан мен ненің дұрыс бұрыс екенін білмейтінмін. Айтуға тілім бармасада, көп еркектерді арсыздыққа итермелеуге дейін барғанмын. Нəпсіме ерік беріп, мен ол əдеттен арыла алмай жүретінмін.
Өзім болса ашық шашық киінуді əдетке айналдырып, ол нəрсені дұрыс емес екенінде білмегенмін. Уақыт өте келе ішкі жан дүнием отбасы құруды аңсайтын. Бірақ менде сенімділік болмады. "Мен сияқты бұзылғанды кім алсын" деген оймен жүріп.
Қанша талпынсамда, маған қиынға түсетін өз өзімді тоқтатуға арсыздықтан. Бірақ адам дұрысталамын деп талпынса ниеттеніп, ол да орындалады екен.
Мектеп бітірдім, ешқандай оқуғада түспедім. Бар қолымнан келетіні жұмыс болды. Жасымда 20 дан асты. Əкем шешемде менің бөлек отбасы болғанымды қалады. Бірақ олардан жасырған ішкі ойым мазалап, отбасы құруға деген мүмкіндік жоқ болып көрінді.
Көп еркектер тек уақытша пайдаланатын мені, бірақ отбасы құрғысы келетіндер мүлде кездеспейтін. Бір күні осы арсыздығымды тоқтатамын деп өзіме уəде бердім. Содан кейін екі айдың ішінде мен бір жігітпен сөйлесе бастадым. Кездеспедік мүлде бір ай бойы, тек сөйлесіп жүрдік. Кейін бір күні оны өзім кездесуге шақырған едім. Бір күнге пəтер жалдадым, ол келді. Сол күні тағы нəпсіме еріп оны жамандыққа азғырғым келген. Ол жігіт менен бас тартқан кезде, мен аузым ашылып қалды.
Сол уақытта таң қалғаным, осыған дейін ондай еркек кездеспегені.
Ол жігіт көзінен жасы шыға бастап. "Мен зинаға бармаймын, Алладан қорқамын" дегенде. Мен өз күналарымды еске алып жылап жібердім. Өмірі олай өзімді кінəлі сезінбеуші едім.
Ол жігіт маған жамандығымды тоқтатуыма себеп болды. Жəне мен оған бар сырымды ашылып айтқанан кейінде, сөйлесуіміз тоқтаған жоқ. Арада жарты жыл өтпей мен оған тұрмысқа шықтым. Сол уақытта білдім, ол жігіт медреседе оқитынын. Қазірге таңда намазға келуіме де себеп болған жолдасым үшін алғысым көп.