Жігітім айырылысқан күннің ертесі құлағымдағы сырғама дейін шешіп әкетті

Oinet.kz 07-01-2024 3173

Алматылық бойжеткен өзіне үйленуге ұсыныс білдірген жігіттен бір миллион теңге қалың мал сұрап, оны “ренжітіп” алған. Енді 30 жастағы ару Шығыс қазақстандық азаматты кері қайтарудың амалын таппай жүр.

Screenshot_10.jpg

Былтырғы жылдың ақпан айында танысқан жастардың сөзі жарасып, қарым-қатынастары үйленуге дейін барған.

Алайда той мен қалың мал төңірегінде туындаған мәселелерден соң, жігіт қызды тастап кетіпті.

“Алматы қаласынан боламын. Жасым 30-да. Былтырғы жылдың ақпан айында ШҚО-ның жігітімен таныстым. Қарым-қатынасымыз өте керемет болды.

Бір-бірімізді сөзсіз ұғатынбыз. Ол осы таныстықтан кейін мені ата-анасымен таныстырып, наурыз айында үйленуге ұсыныс жасады.

Ал мамыр айында “сырға” салынып, біз Стамбұлға демалысқа барып-қайттық. Тіпті тойдың уақытын да белгілеп қойдық.

Жігітім наурыздан маусымға дейін жұмыстан қысқартылып қалғандықтан, тойды 60 адаммен (40 адам қыздың, 20-сы жігіттің туыстары – ред) өткіземіз деп шештік.

Сондай-ақ, бұл шығынды теңдей екіге бөліп алатын да болдық.

Мен жігітімнен қалың малға бір миллион теңге сұрадым. (Осы жерде айта кетейін, менің өзімнің екі бөлмелі пәтерім, банкте өз шотым бар. Әрі жоғары білімдімін. Ағылшын тілін де жақсы меңгергенмін. Сондай-ақ, тұрақты жұмысым бар)

Ал жігітім қалың малдың бағасына басында келіспеді. Кейін “қанша бергім келеді, сонша беремін” деді. Мен үндемедім.

Тойымызға 1,5 ай қалғанда ол ауылына қайтты. Ал Алматыға қайтып келгенде, менің қонақтарымның санын 40-тан 25-ке түсіруімді талап етті. Мұның барлығын жақындарының қалың мал үшін шығарған шуы екенін түсіндім.

Мен оның бұл сөздеріне қатты ренжіп, тойдан бас тарттым. Екеуіміз айырылысқан күннің ертесіне жігітім құлағыма салған сырғаны алып кетті.

Қазір осы оқиғадан кейін арада үш ай өтті. Мен қанша рет жігітіме барып, жалындым. Бірақ онымен бірге болмайтынымызды елестетсем, өзімді қоярға жер таппаймын.

Оған сезімімізді қайта жалғастыруды ұсындым. Бірақ ол менсіз де өмір сүре алатынын айтты. Енді не істеуім керек?”, – деді мұңын шаққан 30 жастағы ару.

Ағам мен күйеуім бір-бірін иттің етінен жек көреді
Ай сайын 5 есе жарна төлеуге дайынсыз ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу