Ұлым өскен сайын әйелімнің көңілдесіне ұқсап келеді

Oinet.kz 15-09-2023 1695

Елордалық ер адам осыдан бірнеше жыл бұрын көңіл қосқан қызының өзінен аяғы ауыр екенін біліп, үйленуге мәжбүр болғанын айтты. Әуелі азамат бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түсерде үнемі сақтанып жүргендіктен баланың өзінікі екеніне күмәнмен қарайды. Мезгілінен бұрын үйленгенін айтқан жігіт келіншегінің түрлі өтірік құрастырып, алдап тиіп алғанын тілге тиек етті.

Screenshot_44.jpg

«Негізі ерте үйлендім. Кейінірек отбасын құрмақ болған ойымды сүйіктімнің жүкті болып қалғаны өзгертті. Біздің төсектес боларымызда мен сақтанғанымды жақсы білемін. Бірақ ол маған түрлі жағдайда екі қабат болып қалу мүмкін екенін айтып сендірді. Осылайша біз отбасын құрдық», – дейді ер адам.

Күтпеген жерден «әке» атанған жігіт бастапқыда күдіктенгенімен баласына қатты бауыр басып, барлық күмәндерін ұмытқан. Алайда сәбилі болғаннан кейін әйелі өзгеріп шыға келген. Тіпті ажырасуға бел буған.

«Ұлымыз дүниеге келген соң, ол қатты өзгеріп кетті. Титтей нәрседен жанжал шығарып, тура өзі себеп іздеп ұрысқандай көрінді. Бір күні енем үйге келгенде, ол тағы да өз айқайына басып, еш себепсіз менімен ұрысты. Мен оны қаншалықты сүйсем де ашуға бой алдырып, оны сәл итеріп жібердім. Ол жерде дереу ажырасып кететіндей нәрсе болған жоқ. Ол бір өзі осылай болғанын күтіп жүргендей болды. Өз мақсатына жеткісі келген сияқты көрінді», – деп ағынан жарылды ол.

Ақыры ерлі-зайыптылар ажырасып тынады. Ер азамат әйелін төрт жылдай қайта қосылуға көндіруге тырысқанымен, келіншегі қарсы болған. Арада тағы бес жыл өткенде бұрынғы жұбайының басқа адаммен көңіл қосқанын біледі.

«12 жыл бойы мен ұлым үшін алимент төлеп келдім. Бұрынғы әйелім мен енем менен үнемі ақша талап етіп отырды. Бір-екі күнге кешіктірсем, жандары шығып кете жаздайтын».

Уақыт өте келе, тұрғын ұлы деп жүрген баланың сүйіктісінің оған дейінгі болған ғашығына ұқсап келе жатқанын аңғарған. Ол бірден арнайы емханаға жүгініп, ДНК тестін де жасатты. Сараптама нәтижесі баланың әкесі емес екенін растаған.

«Мен үшін бұл ауыр соққы болды. Мұны біле сала, сүйіктіме хабарласқанымда ол сабырлы түрде әйтеуір дегенде білдің ғой деп айтты», – деді азамат.

Болған жағдайдан кейін ол сараптама негізінде әкеліктен бас тартуға бекініп, бұрынғы әйелінің үстінен арыз түсірген. Сот отырысына келмей қойғанымен, әйел өзіне тағылған айыппен толықтай келіседі.

«Ол жүктілігінің бірінші күнінен бастап-ақ білді баланың әкесі мен емес екенімді. Өз отбасын ұятқа қалдырғысы келмей, менің өмірімді ойрандап кетті. Бұл әділетті ме? Менің өмірімнің тас-талқанын шығарды. Ұзақ уақыт бойы ұлым деп келген баланың өз қаным емес екенін білу ауыр соққы болды. Тым болмағанда ажырасып кеткенде айтса болатын еді ғой. Бұл құпияны оның анасы да білген. 12 жыл бойы алимент төлеп жүрген кезімде олар анасы екеуі пәтер сатып алып үлгерді.

Менің бұл оқиғам басқаларға сабақ болсын деймін. Мен бұл соққыға шыдап бақтым. Бірақ әлсіздеу жігіттер де бар ғой. Біреу ішіп кетсе, бірі өзіне қол салып та жатады. Сол себепті ер азаматтарға осындай алаяқтық түрінен сақ болуға шақырамын» , – деп қорытындылады ол.

KYN.kz

Танысқан түні қызбен аунаған ағай (Болған оқиға)
Күйеуім өзінің әріптесін зорлап, 7 жылға сотталып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу