Жеңгеме күйеу іздеймін

Oinet.kz 01-09-2023 2807

Әйел адамның бақыты күйеуімен тікелей байланысты екенінін бәріміз білеміз. Байлық, мал-дүние, мансап әйелге күйеу беретін бақытты бере алмасы анық. Мен алтын жеңгеме жар іздеймін. 

Screenshot_15.jpg

Алтын десе, алтын ғой менің жеңгем. Әлі есімде, жеңгемді өз ұясынан сырға салып, ұзатып әкелгеніміз. Дүркіретіп той жасап, алтын жеңгемнің барына шексіз қуанып мен жүрдім. Алғаш келген күннен бастап екеуміз сырлас болып, әркез ақылдасып, бір-бірімізді қолдап жүретінбіз. 

Жүкті екенін білген кезде бәріміз шексіз қуандық. Ағам банк қызметкері. Жеңгем екеуі де сол жерде танысып, махаббаттарынын қолдауымен шаңырақ көтерді. Бірақ бақытты күндер ұзаққа созылмағаны бәріміздің жүрегімізге қаяу түсіреді. 

Ағам жолдастарымен өзенге балық аулауға кеткеннен қайта оралмады. Арнайы іздеушілерді жалдап, соңында ағамның мәйітін тауып шықты. Бұл қайғылы хабар бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Алтын жеңгемнің босанатын күні жақын еді, қатты стресс әсерінен су кетіп қалғандықтан мерзімінен бұрын ерте босанды. Ағамның тұңғышының тағдырына жетімдік жазылды. 

Қазір ағамның жалғыз қызы алты жасқа толды. Осы алты жылда жеңгем көп қиындық көрді. Қызы жасқа толған соң жұмысқа орналасты. Үйде жалғыз өз жынданатын жағдайға жетті. Сырт көзге күліп жүргенімен, іштей өз-өзін жеп бітірді. 

Мен ағамның қазасынан соң араға жыл салып тұрмысқа шықтым. Жар бақытын сезіп, сәби сүйдім, Ер адамның әйелге қаншалықты қажет екенін түсіндім. Шынын айтайын, күйеуім іс-сапармен бірнеше күнге үйден кетсе, оны сағынып, шыдай алмай кетемін. Сағаттан сөйлесіп, сағынышымды басамын. Ал жеңгем ше?! Сүйген жары келмеске кетті.....

«Қыз – жат жұрттық» деген жақсы сөз бар емес пе?! Ағамның көзі, жалғыз қызы бойжетіп, жат мекенге кеткен кезде жеңгем үлкен үйде жалғыз өз қала ма? Осы сұрақ менің жанымды жегідей жейді. 

Жеңгемнің мінезі өте жайлы. Әке-шешем, құда-құдағиларымызда тұрмысқа шығуға рұқсат берді. Бірақ жеңгемнің жүрегі бос емес еді. Ол ағамды бір сәтке болса да ұмытқан емес. Дегенмен, қашанға дейін бұлай өмір сүреді?! Жанында жан-дүниенді түсінетін, ауырғанда қасыннан табылатын, жақсылы-жаманды күйеуі болғаны дұрыс деп ойлаймын. 

Осы ойымды жеңгеме айтсам, қарсы болады. Ұрсып та, жылатып та айттық. Бірақ көнбей отыр. Қалай көндірсек болады? Кеңестеріңізбен бөліссеңіз.

Оқырман хатынан

Сырласу журналы

Мұғалім әйелін көңілдесімен құпия түрде сөйлсесіп жатыр деп ойлап қалған
Намыссыз күйеуімнен шаршадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу